Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
5 618 974,30
Помочь

Қазақстандағы алғашқы инклюзивті футбол командасы Алматыда жолдастық кездесу өткізді

«Jas Qyran» стадионында алғашқы инклюзивті «Аңсау» клубы мен «Jas Qyran» командасы арасында жолдастық матч өтті.

Ойын барысында жас футболшылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, көрерменге әсерлі матч тамашалауға мүмкіндің берді. Командалар бір-біріне беріспей сайысты, дегенмен нәтижесінде ДОСТЫҚ жеңді.
Екі команданың жаттықтырушылары қатысушыларды біріктіруге шешім қабылдап, балалардың жарысқа деген қызығушылығын одан ары арттырды. Ойын балаларға көп қуаныш сыйлады. ал «Аңсау, Жас Қыран – біз тұтаспыз» Біз жеңілмейміз!, «ОЛЕ, ОЛЕ, ОЛЕ, ОЛЕ, Аңсау Чемпион» деп айқайлаған жанкүйерлердің қолдауы жолдастық кездесуді нағыз спорт мерекесіне айналдырды. Жолдастық кездесу «Jas Qyran» жасөспірімдер футбол орталығының алғашқы мерейтойына орай ұйымдастырылды: орталық 2018 жылы №2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі базасында ашылған.

Қаниев Ғалымжан Серәліұлының айтуы бойынша: «Бір жыл ішінде орталық тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, «Жас Қыран »брендін танымал ете алды.»

«Аңсау» инклюзивті балалар футбол клубы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылып отырған «Аутизмді жеңеміз!» жобасы аясында «Мейірімділік Ерікті қоғамы» қайырымдылық қорымен құрылған. Бүгіні күні клубта аутизмге шалдыққан 18 бала жаттығады.

«Футболмен шұғылдану біздің балаларымыз үшін өте маңызды: «Аңсау» клубы өз жұмысын бастағаннан бері балалардың спортқа деген сүйіспеншілігі оянып, командалық қасиеттері мен қарым-қатынас дағдылары дами бастады. Осы футбол секциясын құруға мүмкіндік берген бас демеушіміз «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына алғыс айтамыз» - деп атап өтті «Мейірімділік Ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин.

Сонымен қатар, Аружан Саин аутизм спектрі бұзылған балаларға қуаныш сыйлап, қоғамға ену мүмкіндігін берген орталық басшылығы мен спортшыларға рахметін айтты.

Футбол орталығында жаттығатын балалардың ата-аналарының да ықыласы ерекше болды, жоғары белсенділік танытқан ата-аналар грамоталар және кәдесыйлармен марапатталды.

Фестивальдің ең кішкентай қонақтары аниматорлармен көңіл көтерген сәтте, еліміздің эстрада жұлдыздарынан құрылған «Алатау» футбол командасы мен «Jas Qyran»-ның басшылығы, жаттықтырушылары және ата-аналары бас қосқан команда арасында жолдастық кездесу өтті. Бұл жолы жеңіске «Алатау» командасы қол жеткізді.