Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Карина Сисенова

Им помогли

О ребенке

Последняя информация: Госпитализирована в РДРЦ "Балбулак", г.Алматы, дата госпитализации с 06.01.2014 г. по 30.01.2014 г. Дата рождения: 07.12.2003 г. Место жительства: п.Макат, Катский район, Атырауская область Диагноз: ДЦП, спастическо-гиперкинетическая форма. Грубая задержка психоречевого развития. Стоимость лечения: 300 466 KZT Лечение Каринs оплачено в рамках совместного проекта с АО «Самрук-Қазына».
Обращение: Мен, Шаленова Гулнар, 07 желтоксан 2003 жылы туылған Сисенова Каринаның анасымын. Диагнозы: ДЦП, Спастический тетрапарез. Карина айы, күні жетпей 28 апталық болып туылды. Туылғандағы салмағы 1,200 грамм? 6 айлығында басы мен іші үлкендеу болғаны үшін дәрігер «рахит» деген диагноз қойды. Атыраудың дәрігерлері қайта-қайта емдеп, таза ауада көп жүріп, әр-түрлі дәрумендер беріп дұрыс қарауыма кеңес берді. Сонымен күндер өте келе 2-жасқа келгенде Карина басын дұрыс ұстай алмайтын, қолымен ештеңе ұстай алмайтын, аяғын тік басып өзін ұстап тұра алмайтын, отыра да алмайтынтек қана жата беретін болды. Дәрігерлер қайта-қайта балалар емханасының неврология бөліміне жатқызып емдеуді жалғастыра берді. 2007 жылы 4 жасқа келгенде Алматыға Ақсайға жіберді. Ол жерде емделгеннен кейін айналасына қарап, заттарды қолына ұстай бастады. Сол емделуден өзгеріс болған соң, қызымды одан әрі емдетуге бел будым. Себебі қыз бала сал болып қалса өмірі қиын болады деген қорқыныш мені алға емдетуге итермеледі. Содан емдерді қалдырмай алып, қайда жіберсе сонда барып емдетіп жүрдім. Барлық жағдайда да балам үшін қиындықтарға көндім. Содан Тула қаласындағы «Институт клинической реаблитиации»-дан хирург жақсарып әрі жүріп кетеді» деді. Содан келісім-шарт жасап операция жасаттым. 1 операция 17.10.2007 жылы жасалды. 18 айды араға салып 2 операция жасалды. Арада тағы 18 ай өтіп 3-ші операция жасалды. Операциядан нәтиже болды. Карина отырып, аяғын басып жүретін болды. Бірақ ақсаңдап жүреді. Әлде де бұдан да жақсы болып өзін өзі ұстап сумкасын өзі көтерпіп мектепке бара алса, өздігінен жуынып, тамағын өзі жеп, өзін өзі қамтамасыз ете алса, ешкімнің менің де көмегінсіз жүрыпғ тұрып кетсе екен деп армандаймын. Мен үш жылдан бері «Балбұлаққа» квотамен барып емдетіп жүрдім. Ол жерде жатып келгенде жақсы өзгеріс болады. Квотаны бізге Атырау облысы береді. Осы желтоқсан айына баламның денсаулығы үшін тағы апарғым келіп квота сұрасам енді ақылы түрде барасыңдар деп отыр. Ақылы түрде баруға отабсылық жағдайым көтермейді. Содан маған сіздерді жолдап «Дом милосердия» көмек береді деген соң Сіздерден бізге көмек беруіңізді сұрап өтініш жасап отырмын. Сіздерден осындай балаларды емдеп адам қатарына қосылып кетуіне көп көмектеріңіз тиіп жатыр. Сіздерге айтар алғысымыз мол. Сіздерге мендей ата-аналардың бәрі алғыстан басқа айтары жоқ. Жетпегенді жеткізіп баласын емдетуге жағдайы жоқтардың жағдайын жасап көмектесіп жатырсыздар. Сіздердің жұмыстарыңызға табыс тілейміз, нұр үстіне нұр жаусын. Фондыңызға рахмет№ бізге үлкен қуаныш сыйлап балаларымызды өмірге қайта әкеліп, өмір сүруіне құштарларндырып, қызығушылығының оянуына көмектескендіріңіз үшін Фондыңызза тек Алланың нұры жаусын. Осылай ақжүрек байланыстарыңыз ешқашан үзілмесін. Сіздерге барлық жұмысшыларға бақыт, байлық, денсаулық тілейміз. Игі тілекпен: Сисенова Каринаның анасы Г.Шаленова