Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
3 805 422,00
Помочь

Нурдаулет Кудайкул

Им помогли

О ребенке

Последняя информация: Планируется лечение в реабилитационной больнице по лечению ДЦП, КНР, провинция Шаньси, г. Юйцы, с 01.05.2014 - 01.08.2014г. Дата рождения: 27.05.2009 г. Место жительства: Южно-Казахстанская область, мактаральский район, с.Мырзакент. Диагноз: ДЦП. Спастическая диплегия средней степени тяжести. Смешанное специфическое расстройство психологического развития. Стоимость операции: 8 000 USD Частично лечение Нурдаулета было оплачено в рамках совместного проекта с АО «Самрук-Қазына»..
Обращение: Письмо в Фонд «Милосердие» Мен Мырзабекова Актолкын Бейсенбайқызы 1978 жылы туылғанмын.ОҚО Мақтарал ауданы Мырзакент кенті Бейбітшілік көшесі б/н в/ч 2037 кв 200 тұрғынымын.Үш ұлым бар тұңғышым қыз бала 2006 жылы туылған екінші сыныпта оқиды.Екінші ұлым- Нұрдаулет, үшінші ұлым – Ерасыл 2013 жылы туылған. Жубайым Байларов Бауыржан Кудайкулович 1979 жылы туылған осы аталған әскери бөлімінде келісім шарт бойынша жұмыс аткарады,өзім бала күтіміне байланысты жұмыссызбын. Нұрдәулет – 27.05.2009 жылы ОҚО, «Мақтарал» ауданы Мырзакент кентінің перзентханасында туылған. менің екінші ұлым Нурдаулет туылғанынан науқас. Анамнезінен : 2 жүктіліктен, 2 туыттан. Жүктілік ағымының І- II жартысында гриппен, қан аздықпен, гестозбен өткен. Босану мерзімінен бұрын 33 апта Кесарь тілігі көмегімен (плацентаның мезгілінен бұрын ажырап қан кетуіне байланысты) туғандағы салмағы -1,5 кг тұншығып туылды. Перзентханада балама және өзіме қан құйды. 10 тәуліктен кейін Жетісай қаласы Потологиялық нәрестелер кезеңіне ауыстырды. Онда 10 күн жаттым. Алғашқыда ұлым өзі еме алмады 20 күннен соң еме бастады. Үйге шығарды. Нәрестелік кезінде ұзақ сарғайды. 1 жасқа дейін баламның ДЦП екенін білмедім. Дәрігерлер баламның дені сау екенін айтты. Бірак ұлым 1 жасқа дейін отыра алмады. Тіпті отырмақ түгілі, басында ұстай алмайтын. Дәрігерге шағымданып барсам ештеңесі жоқ, шала туылған себепті басын кеш ұстайды деп шығарып салатын. Шымкент қаласында жекеменшік емхана «Шербакова» барып тексерткенімде олар баламның ДЦП екенін айтып, 1 жасқа дейін емдетпей, кеш қалғанымызды айтты. Алғашқыда ДЦП дегенге түсіне қоймадым. Ол бір емделсе жазылып кететін шығар деп ойладым. Дәрігерім «Қалай түсінбейсіз шала туылған бала піспей қалған қауын сияқты, оның еш емі жоқ. Ұлыңыз өмір бойы мүгедек болып қалады» дегенде бір- ақ түсіндім. Сол кездегі ішкі күйзелісімді айтып жеткізу мүмкін емес. Көз жасым көл болып құрғамады. Өмірді жек көрдім. Баламды құшақтап жылай бердім, жылай бердім. Бағыма орай жұбайым менің көз жасымды сүртіп былай деді – Енді ешқашан жылама «Аллаһ қандай ауру берсем, соның бәрінің емін бердім, оны өздерің іздеп табыңдар» деген екен. Ендеше біз екеуміз перзентіміз үшін оның дені сау, бақытты өмір сүруі үшін өмір деген майданға қарсы жүріп ем іздейміз, шаршамаймыз. Ұлымызды міндетті түрде аяққа тұрғызамыз. Біз жеңіске жетеміз. Оған екеуміз бірге жетеміз, енді жыламайық. - Жарымның осы сөзі кеудеме қуат беріп, жігерімді жігерлендірді. Әлі күнге дейін ем іздеумен келеміз. Осы күнге дейін алған емдеріміз: 1. ОҚО Балалар ауруханасы 9.05.2010 – 21.05. 2010 жыл аралығында болды. 2. «Ақсай» Республикалық клиникалық балалар ауруханасы 21.07.2010-07.08.2010ж қойылған диагноз:ДЦП спастический тетрапарез 3. Республикалық баларды оңалту орталығы «Астана» қаласы 03.12.2010-24.12.2010жыл аралығында 4. ОҚО балалар ауруханасы 14.06.2011-23.06.2011ж. 5. Републикалық балалар оңалту орталығы 23.02.2012-18.03.2012ж 6. ОҚО «Мейірім» оңалту орталығы 23.11.2012-11.12.2012ж 7. Республикалық балаларды оңалту орталығы «Астана» қаласы 20.08.2013-12.09.2013ж. Бұл мемлекеттік ауруханаларда болғанымыз.Бұдан басқа жеке меншік емханаларда өз қаражатымызбен (банктен несие алып )емделдік 1. 2011жылы желтоқсан айында Ташкент қаласы мед центр «Almed» 2 ай емделдік 2. 2012 жылы маусым,шілде,тамыз айларында ОҚО «Арго»дәстүрлі Қытай медициналық орталығында инемен емдеу курсын алдық 1 000 000теңгеге 3. 2013жылы маусым айында Қызылорда облысы Сакен деген кісінің жеке меншік клиникасында 2 ай денешынықтру емын алдық 400 000 теңгеге Бұдан бөлек халық емшілерінен алған емдеріміз өз алдына бір төбе(кей біреулеріне алданып қалған кездерімізде болды) Осы аталған емдердің арқасында баламның дәл қәзіргі жағдайы:отырады (аяғын артқа беріп) еңбектейді (қос аяқпен).Арнаулы тірекпен тұрады,сөйлейді,ақыл-есі дұрыс.Түстерді ажыратады,сандарды санайды өте ақылды бала.Бірақ баламыз өздігінен аяғын басып тұра алмайды,тұрғанда аяғын айқастырып, саусақ ұшымен тұрады. Енді сіздерден көмек сұраймыз.Өз қаражатымызбен емделуге қаражатымыз жоқ.Бұл сұранысымызды жүзеге асыруларыңызды өтінеміз «Для поиска благотворительной помощи разрешаю использовать в СМИ,включая интернет,любой из высланных мною документов,в том числе медицинские выпиский и фотографий».