Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Абдулхамид Абылхайырулы

Им помогли

О ребенке

Последняя информация: Вернулся с курса реабилитации в г. Трускавец, Украина, где пробыл с 5 по 17 мая 2014 г. Желаем ему скорей поправляться! Дата рождения: 18.08.2006 Место жительства: г. Алматинская область Диагноз: ДЦП, спастическая диплегия, тяжелой степени. Стоимость лечения: 3 894 EUR Лечение Абдулхамида было оплачено в рамках совместного проекта с АО «Самрук-Қазына».
Обращение : «Адам ұрпағымен көрікті» дейді халқымыз. Мұны ойлап, армандамайтын адам жоқ шығар деп ойлаймын. Мен 1988 жылы тұрмысқа шықтым,өкінішке орай балалы бола алмадым. Талай дарігердің алдын тоздырып,талай емшіге барсамда бұл арманым орындала қоймады. Содан «ЭКО» орталығына екі рет операция жасатып жүріп, құрсақ көтердім. Егіз бала көтердім дегенде қуанышымда шек болмады. Күн өткен сайын бүйрегімнің ауруына байланысты жағдайым қиындай түсті. Енді дарігерлер жүктіліктің соңына дейін шыдай алмайсын, алдыруың керек деп көңілімді су сепкендей басып, жүріп тұруым қиындай берді. Жиырма жылдан көтерген балаларым деп соңына дейін шыдайын деп тайталастым, балаларға алты жарым ай болған кезде, енді өзіңе қауіп төніп тұр деп, операция жасауға тура келді. Балалар уақытында туылмаған соң өте әлсіз, жағдайлары төмен болды он күн өткен кезде біреуі шетінеп кетті, екіншісінің аман қалғанына да шүкіршілік еттік. Перзентханадан екі жарым айда шықтық. Туған-туыстарымыз қуанып, баламның атын Абдулхамид деп қойдық. Туылғаннан балам өте әлсіз, аурушаң болды. Дәрігерлер әлі-ақ жетіліп кетеді деп үміттендірді, бірақ Абдулхамидке сегіз ай толған кезде бала мойнын ұстай алмайды, отырада алмайды деп, «ДЦП» деген диагноз қойылды. Басыма қара бұлт үйірілгендей болса да үмітімді үзбедім, талай дәрігер, емшілерге апарып, ем алудан шаршамадық. Білгір дәрігерлер: Ормантаев Камал Саруарович, Диханбаева Сауле Әлкеевна сияқты елімізде еңбегі сіңген балалар дарігерлері қамқорлығының арқасында «Балбұлақ», Астанадағы балаларды оңалту орталықтарына бірнеше рет жатып, емделдік. Бірақ дұрыс нәтиже болмады, Абдулхамид қазір 7 жастан асты, әлі өздігінен отырып, жүре алмайды, тамақ ішіп, сөйлеуге қауқарсыз. Осындай қиыншылықтармен өмірге келген жалғыз балам, бар үмітім Абдухамид өздігінен жүріп тұруға жарап, үмітімізді ақтаса деп армандаймыз. Қазіргі кезде БАҚ-тан естіп-көріп отырып Абдулхамид сияқты ДЦП-мен ауырған балаларға қайырымдылық қорлары тарапынан материалдық көмек көрсетіліп, аяғынан тұрып жазылып кеткендерін естіп, менің баламда жазылып кетер деп үмітімізді жалғап осы хатты жолдап отырмын. «Мейірімділік» қорының ұйымдастырушыларына өтініш: менің баламды қайырымдылық көмек беретін мүмкіндіктер іздестіріп, осы жіберіп отырған құжаттарым, анықтама мен суреттерімізді интернет арқылы және БАҚ арқылы жариялауға рұқсат-ризашылығымды білдіремін.