Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Диана Саматкызы. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 30 января 2024 г.

Дата рождения
09.10.2022
Город
Кызылорда
Диагноз
Гидроцефалия, поликистоз головного мозга
Ориентировочная сумма
2 927 250 KZT
Им помогли

О ребенке

Обращение:

Біз, Саматқызы Диана 9.10.2022 жылы дүниеге келді, дені сау салмағы 2,033кг бойы 45см болып туылды. Екінші жүктілігім 38 аптасында өзім босандым. Босанғаннан кейін баланы ПИТ палатаға алып кетті 2 күн сонда жатты үшінші күні қасыма берді. Жағдайы жақсы болғандықтан БЦЖ салып, алтыншы күні үйге шықтық. Бір ай өткенде бала мазасызданып  9.11.2022 күні қатты жылап құса бастады, таңға таман судорогы беріп, жедел-жәрдеммен ауруханаға түстік. Ауруханаға түскенде балада қан тоқтамай гемоглабин 50-ге түсіп кетті, КТ нәтижесінде миына қан құйылып инсульт алғаны белгілі болды. Диагноз: қарынішілік қан құйылу,екіншілік ішкі окклюзионды гидроцифолия, клиникалық декомпенсация сатысы, Вентрикулит, судороги новорожденного, другие железодефицитные анемии. 10.11.2022 ж балаға операция жасалып, сыртқы арендт дренаж қойылды. Бір ай бойы қызымның жағдайы ауыр халде реанимацияда аппаратта кислородта жатты. 12.12.2022ж қызымды қасыма берді кислородтан шыққан жағдайы тұрақтылып келген, алайда қызымда қайта  судорогы беріп үдеп мрамор тәріздес ауа жетпей қалды. Дәрігерлердің айтуынша сыртқы арендт орнын ауыстырып басқа жағынан салыну керектігін айтты, екінші операциясын 02.02.2023ж, үшінші операциясы 15.02.2023ж жасалынды. Осы операциялардан кейін қызымның дамуы мүлдем тоқтап қалды. 20.03.2023ж сыртқы арендт екі дренаж қойылып тағы операция жасалды. 

Осы дренаж арқылы бас суының СМЖ тазаруын күттік, ешқандай антибиотик көмектеспеді. Әр дренажда СМЖ суы 1мл, 2мл ағып тұрды, осылай бас суы таусылып бізді 12.04.2023ж баланың жағдайы тұрақталған соң бізді үйге шығарды. Бас суы таусылған соң орны киста пайда болды, содан бері бас миында кисталар көбейе бастады, бала мазасыз тек дәрімен ұйықтап жүрді. Үйде бір аптадай болып пневмониямен қайта ауруханаға түстік, қызымда судороги тоқтамай реанимацияға түсіп қалды. Бас миы суының ластануынан басы іріңдеп кетті. Осы жағдайдан кейін жағдайы мүлдем ауыр жағдайда болды, күндіз-түні ұйқы жоқ мазасыз бірыңғай қолда көтеріп жүрдім. Бізге эндоскопиялық операция керек деп порталмен Алматыға бардық, ол жақтағы нейрохирургтар бас өлшемінің кіші екенін айтып әзір операция жасамайтындарын айтып бізді үйге қайтарды, тек дәрімізді ауыстырып баклосан ішкелі қызым тынышталды. Тамыз айында судорогы тоқтамай екі рет ауруханаға неврология бөлімшесіне жатып шықтық. Судорогіге қарсы препараттардың ешқайсысы көмектеспеді. КТ түскеннен соң нейрохирургтер қайта Алматыға жіберді. Порталмен 11.12.2023ж Алматыға бардық, 20.12.2023ж операция жасалып қызыма шунт қойылды, бірақ әлі де кисталар өте көп ол көбейіп өсетін кисталар екенін нейрохирург ескертіп айтты. Енді осы кистаны поликистозды емдейтін дәрі немесе қандай да бір операция жасап мүлдем алып тастайтындай мүмкіндік болса екен. Қызым қазір 1 жас 3 ай басын ұстамайды, отырмайды, аунамайды, сөйлемейді дамуы өте кеш болып жатыр. Тек соңғы операциядан кейін ғана мазасыздығы басылып күле бастады. Бірақ бұл соңғы операциясы емес екенін айтып еді. Сол себепті сіздерден көмек сұрап жағдайымды жазып отырмын.

«Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін».

Новости

Диана госпитализирована в клинику 30 января 2024 г. Операция проведена успешно!

Благодарности

№1

Қайырлы күн!

Мен Саматқызы Диананың анасы - Жанар Ғабитқызы, 2024 жылдың 28-30 қаңтар аралығынды, профессор Ульрих Томаленің қатысуымен өткен "Все о гидроцефалии" мастер класы аясында қызыма профессионалды көмек көрсеткендеріңізге алғыс білдіремін.

Операцияға дейін қызым көп мазасызданып, судороги жиі болатын, аяғын аша алмай қақиып жататын. Операциядан кейін аяғын ашатын болды,  мазасыздығы азайды, судороги де болмады. Әңгіме айтқанда тыңдар күлетін болды. Аллаға шүкір білікті мамандардың арқасында арнайы Роза Кабдулловнаға алғысым шексіз сол кісінің арқасында осы профессор Ульрих Томаленің отасына қатыстық.  Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер,өркендей беріңіздер дами беріңіздер!!!!

История болезни

Диана родилась раньше срока на 38 неделе беременности. На 3-й день малышку выписали с реанимации и перевели в отделение к маме. Диана чувствовала себя хорошо, получила прививку. Через месяц Диана стала беспокойной, открылась рвота, появились судороги. В результате компьютерной томографии выявилось кровоизлияние, диагностирован инсульт. Малышке провели операцию, месяц Диана находилась на ИВЛ в критическом состоянии. С тех пор проведено еще несколько операций, Диана очень нуждается в нейрохирургической операции в рамках мастер-класса. В период с 28 января по 31 января 2024 г. на территории 2 Детской клинической больницы (ДКБ), г. Алматы планируется проведение мастер-класса "Все о гидроцефалии" профессором, заведующим отделением детской нейрохирургии клиники Шарите, г. Берлин, Германия - Ульрих-Вилгельм Томале. Для Дианы эта операция очень важна на пути восстановления её здоровья, мы очень желаем чтобы малышка научилась сидеть, ходить, чтобы бегала и резвилась как здоровый ребенок, чтобы материнское сердце было спокойно за будущее Дианочки. Вы можете помочь Диане, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".