Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Әмина Мұхтар. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 1-4 июля 2024 г.

Дата рождения
27.08.2021
Город
Косшы
Диагноз
Стеноз гортани
Ориентировочная сумма
1 527 837 KZT
Им помогли

О ребенке

Обращение:

Мен Жаппарова Жанар Серікқызы, көпбалалы ана ретінде, қызым Мұхтар Әмина Нұрсұлтанқызы 27.08.2021 ж. туылған кезекті алдымыздағы 5-ші отаға байланысты керекті қаражат үшін көмек берулеріңізді сұраймын. Жасалғалы жатқан операциямыз өте қомақты сомада шет елден келетін профессордың Мастер классына ілінуіміз үшін, қызым үшін бұл ота өте маңызды, біз үшін де. Желтоқсанның 20-нан бастап қызым қызуы көтеріліп ауыра бастады. Жергілікті ауруханамызға барып қаралып қызымда Корь екенін білдік. Күннен күнге жағдайы асқынып реанимацияға түстік. ИВЛ аппаратта 10 күндей жаттық, себебі балада двухсторонний пневмония, өз еркімен демала алмайтынын тек аппараттың күшімен ғана демалу мүмкіншілігі ғана бар екенін айтты. Қызымыз уақыт өте келе жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты. 

Біз палатаға ауыстық бізде бәрі жақсы болды дәрігеріміз үйге кетуімізге рұқсат берді. Арада көп ұзамай 4-5 күннің ішінде баламда демікпе пайда болып мазасыздана бастады. Қайтадан дәрігерге келдік, ол кісілер баланы тексерістен өткізіп после реанимационный интубаций осылай болады себебі бала басына оңай нәрсе өткізбеді уақыт керек деп жіберді. 1 аптаның ішінде 3-4 рет келіп кеттік, баланың жағдайы керісінше нашарлай бастады. Кешкісін демалуы қиындап сатурациясы түсіп «Қошқарбаева 64» Көп салалы №2 балалар ауруханасына түстік. Эндоскопия нәтижесінде баланың «Стеноз гартани» екенін білдік. Уақытша ем қабылдап баланы өзіміздің жергілікті ауруханамыздан құжаттар дайындап 1-ші отаға Квотаға қойдық. Арасы 1 аптаға да жетпей қызым қатты ауырып шұғыл түрде Ана мен бала орталығына жатқызылды. 1 айдың ішінде 2-ші отасын 1 аптадан соң сразу 3-ші отасын жасаттық. 

Баланың жағдайына байланысты арада 2 апта салып 3-ші аптасы аптасы 4-ші операцияға келдік. Дәрігерлердің айтуы бойынша алдағы өтетін кезекті Ота өте күрделі түрде жасалатынын оған білікті профессорлардың көмегімен баланың жағдайына, кішкентай болуына байланысты, Шет елден келетін мамандардың көмегіне жүгінуіміз керек екенін айтты. Алдымыздағы отаны маусымда жасалу жоспарланып отыр. Менің қызым өзі кішкентай болса да өмірге деген құштарлығы өте жоғары. Билеуді жақсы көреді, сурет салуды жақсы көреді, бауырмашыл. Отбасылық жағдайымызға байланысты, бастысы Қызымның амандығы үшін, жазылып кетіп, ертең үлкен биіктерден көрінетін биші қыз болуы үшін Сіздерден көмек сұраймын. Өтінемін. Менің қызымның жазылуына алдымен Алла, содан соң Сіздерден қол үшін берулеріңізді сұраймын. Жасалатын ота Астана қаласы Ана мен бала орталығында жасалады. Осы уақытқа дейін жасалып келген Операциямыздың барлығы осы больницада жасалды. Отбасымызда папамыз жұмыс жасады және балаларга берілетін жәрдемақы күн көруімізге жетіп отыратын. Қызымның еміне туған туыстарымыз, жолдастарымыз көмектесіп отырды. Қазіргі әлеуметтік жағдайымызға байланысты Сіздерден көмек сұраймын.

«Қайырымдылық көмек іздеу үшін Сіздерге жіберілген кез-келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фото суреттерді бұқаралық акпарат құралында, оның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін.

Өтініш беруші Анасы

Жаппарова Жанар Серікқызы

Новости

Әмина госпитализирована в клинику 4 июля 2024 г. Операция проведена успешно!

История болезни

Әмине нужна наша с вами помощь. Малышке диагностировали "Стеноз гортани". Уже проведено несколько этапов операций. Рекомендована операция в рамках предстоящего мастер-класса. В период с 1 по 4 июля 2024 г. на территории ННЦМД г. Астана будет проведен мастер-класс на тему: "Современные подходы к лечению рубцовых стенозов гортани у детей", оперирующий доктор - Пряников Павел Дмитриевич. Вы можете помочь Әмине, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".   

* В рамках акции "Один пакет - одно доброе дело" с ТОО "Magnum Cash&Carry", часть перечисленной суммы за апрель-май 2024 г. в размере 1 527 837 тенге, направлена на лечение Әмины. Выражаем благодарность.