Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
15 653 559,00
Помочь

Шынтас Женисбек. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 3-5 июля 2024 г.

Дата рождения
23.07.2008
Город
Бестам
Диагноз
Полное повреждение плечевого сплетения слева. Состояние после нескольких этапов операционных вмешательств. Гипотонус пересаженной мышцы.
Ориентировочная сумма
399 823 KZT
Им помогли

О ребенке

Обращение:

Біз, Ыбырай Руслан Жеңісбекұлы, Ахмет Асылзат Арыстанбекқызы, баланың ата-анасы сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектеріңізді сұраймыз. Ұлым Жеңісбек Шынтас 2020-жылдың шілде айында суға түсіп жүрген уақытта көпір үстінен секірген бала ұлымның иық тұсына түсіп, ауыр жарақат алды. Сол қолы иық тұсынан толық жарақаттанып, сынық болды. Аудандық ауруханаға апарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қолы гипсталып таңылды. Ешқандай көмек болмағандықтан, облыстық балалар ауруханасына жедел түрде жіберілді. Ол ауруханада 31.07.2020-28.08.2020 аралығында ем алды. Ем еш нәтиже бермегендіктен, ұлымды Астана қаласындағы Ұлттық  Нейрохирургия орталығына ақылы түрде консультацияға апардым. Ол жердегі нейрохирург Виктор Григоривич Алейников ЭНМГ аппаратына түсуге кеңес берді. 02.09.2020ж. 

Ұлттық травматология және ортопедия орталығындағы ЭНМГ аппаратына ақылы түрде түсірілді. Қорытынды: « При исследовании выявлен полный блок проведения импульса по моторным волокнам срединного, локтевого, лучевого, мышечно-кожного и подмышечного нервов слева, сенсорные ответы сохранны» деп берілді. Ұлымның мойын омыртқасы, толық омыртқа жүйесі зақымданғандықтан, дұрыс жүре алмай, қимылдай алмай қалды. МРТ аппараттарына ақылы түрде түсірілді. 29.01.2021 ж. Астана қаласындағы нейрохирургия орталығында ота жасалынды. Ота еш нәтиже бермеді. Дәрігерлердің айтуынша иық тұсындағы сол қолға жалғанған нерв талшықтары толығымен жұлынып үзілген. Мұндай операция Қазақстанда жасалынбайды деп айтылды. Өйткені ұлымның сол қолы толығымен жансызданып, қимылдан шеттеліп қалды. 10.02.2021-10.06.2022 жылдар аралығында оңалту емдерін алды.

Шет елдердің көптеген клиникаларымен байланысқа шықтық. Түркия мемлекетінен шақыртулар алдық. Бірақ қаржы жағынан ол елге бара алмадық. Себебі ол кезде карантин уақыты болуына байланысты әкесі жұмыссыз болды. Шет елдік клиникалардың сұраған суммасын біз таба алмадық. Ізденіс үстінде жүріп Ресей мемлекетінен Голубев Игорь Олегович нейрохирург –профессорды іздеп таптық. Профессор ұлымның жағдайымен толық танысып, операцияны ақылы түрде жасауға келісімін берді. 07.06.2022-27.06.2022 аралығында Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасында ота жасалынды. Ота  «Трансплантация кожно-мышечного лоскута m.gracilis с сосудисто-нервным пучком в левую плечевую область, верхний конец прикреплен на область ключицы, нижний на сухожильную часть дистального конца m.biceps, мобилизованный нерв сшит в n.accessorius слева под микроскопом и нейромониторингом, гипсовая повязка на левую верхнюю конечность.»

27.06.2022-03.06.2024 жылдар аралығында әр 3 ай сайын ақылы түрде ЭНМГ аппаратына түсіп, профессордың қабылдауында болып келдік. Келесі ота да ақылы түрде жасалынбақшы. Ұлымның сол қолы толығымен жансызданып, қимыл-қозғалыстан шектеліп қалды. Көпшілікпен араласпайды, үйден оқытылады. Сыныпта озат оқушы еді.жұмсалған ақшада шек жоқ. Әр ем ақылы түрде алынып отырды. Ота да ақылы түрде жасалды. Ота ақысы 8000 АҚШ долларымен төленді. Барлық жиғанымызды бердік, несие алынды, көмек сұралынды. Облыс, аудан әкімгершіліктерінен еш көмек берілмеді. Қақпаған есігіміз қалмады, бірақ еш нәтиже бермеді. Мен анасы Асылзат қарапайым ауыл мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаймын, қазіргі таңда бала күтіміне байланысты ақысыз демалыстамын. Әкесі Руслан қазіргі уақытта жұмыссыз. Мен көпбалалы анамын. Шынтас баланың үлкені, одан кейін 4 балам бар. Сіздерден көмек берулеріңізді сұраймын. Ота ақысын қазіргі таңда табуға еш мүмкіндігім болмай отыр.

Новости

Шынтас госпитализирован в клинику 5 июля 2024 г. Операция проведена успешно! 

Благодарности

Біз, Ыбырай Руслан Жеңісбекұлы, Ахмет Асылзат Арыстанбекқызы, Жеңісбек Шынтас ата-анасы «Милосердие» фондына және №2 балалар емханасынын дәрігерлеріне баламыздың отасының сәтті өтуіне ат салысқандары үшін алғыс айтамыз. Баламыз Жеңісбек Шынтасқа Ота  «Трансплантация кожно-мышечного лоскута m.gracilis с сосудисто-нервным пучком в левую плечевую область, верхний конец прикреплен на область ключицы, нижний на сухожильную часть дистального конца m.biceps, мобилизованный нерв сшит в n.accessorius слева под микроскопом и нейромониторингом, гипсовая повязка на левую верхнюю конечность» 03.07.2024ж. жасалынған болатын. Осы «Милосердие» фондының және №2 балалар емханасынын дәрігерлерінің комегінің арқасында сәтті жасалып шықты. Қазір ұлымыздың көңіл күйі көтеріңкі қол ұшын берген жандарға олда рахметін айтып отыр.

Ахмет Асылзат Арыстанбекқызы

История болезни

В июле 2020 года, во время купания в водоеме, на Шынтаса с моста прыгнул мальчик и сломал ему левое плечо. Шынтасу была оказана первая помощь, рука была загипсована. Находился на лечении в больнице с 31.07.2020 по 28.08.2020 гг. Был поврежден шейный отдел позвоночника и вся позвоночная система, поэтому Шынтас не мог нормально ходить и двигаться. При исследовании выявлен полный блок проведения импульса по моторным волокнам срединного, локтевого, лучевого, мышечно-кожного и подмышечного нервов слева. 29.01.2021 г. была проведена операция в нейрохирургическом центре г. Астана. Но к сожалению операция не дала должного эффекта. Нервные волокна, идущие к левой руке в районе плеча, были полностью разорваны, левая рука полностью онемела и потеряла подвижность. Шынтас проходил реабилитационные процедуры с 10.02.2021 по 10.06.2022 гг. В поисках помощи сыну, родители узнали о Голубеве Игорь Олеговиче, который провел сложнейшую операцию в период с 07.06.2022 по 27.06.2022 гг. на территории Городской детской больницы №2 г. Алматы. На данный момент требуется следующий этап оперативного лечения. В период с 3 по 5 июля 2024 г. на территории 2 Детской клинической больницы (ДКБ) г. Алматы, планируется проведение мастер-класса «Микрохирургические операции при врождённых и приобретённых пороках верхних и нижних конечностей». Оперирующий доктор - заведующий отделением микрохирургии и травмы кисти, доктор медицинских наук, профессор кафедры травматологии и ортопедии РУДН г. Москва - Голубев Игорь Олегович. Вы можете помочь Шынтасу, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".