Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Айбар Сман. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 23-25 октября 2024 г.

Дата рождения
01.09.2022
Город
Шымкент
Диагноз
"Постравматическое повреждение правой кисти, полное отсутствие сухожилий сгибателей 2,4 пальцев правой кисти ".
Ориентировочная сумма
437 792 KZT
Им помогли

О ребенке

Обращение:

Мен, Даденова Асель Оспаналиевна – Шымкент қаласының тұрғынымын, көпбалалы анамын. Қазіргі уақытта жұмыс істемеймін, бала күтімінде отырмын. Тұңғыш перзентім Аяла – 8 жаста, екіншім перзентім Айзере – 5 жаста, үшінші перзентім Айбар – 2 жаста, кенже балам Айдын – 9 айлық. Пәтер жалдап тұрамыз. Табысымыз төмен. Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасымыз. Екі балам да «белінен бесік табы кетпеген, аузынан ананың сүті кеппеген» жаста болғандықтан оларды балабақшаға беріп, жұмыс істеуге мұршам болмай жүр. Бүгінде мемлекетіміздің көпбалалы аналарға беріп жатқан ай сайынғы жәрдемақысымен жан бағып отырмыз. «Бай күйігі — сыртта, бала күйігі – іште» деген рас екен, бар ауыртпалық өз иығыма түсіп, тағдырдың тауқыметін түн қатпай көтеріп жүрген жайым бар.

Биыл, 2024 жылдың ақпан айында Құдай басыма ауыр бір сынақты салды. Балам Айбар Сман Әзілханұлы 1 жас 5 айында қолынан ауыр жарақат алып, Шымкент қаласындағы «Асар» мөлтекауданында орналасқан балалар ауруханасында 45 күндей емделуге мәжбүр болды. «Баланы іске бұйыр, соңынан өзің жүгір» дегендей, балам Айбар өмірді ұғыну, тіршілікті түсіну қарекеті жоғары, белсенді болатын. Аллаға шүкір, Айбар Әзілханұлы 2022 жылдың 1-ші қыркүйегінде 3100 грамм салмақпен дені сау, ақыл-есі бүтін болып дүниеге  келген еді. Айбар 1 жас 2 айында тағы да сәбилі болдым да, көп уақытымды кішкентай нәрестеме бөле бастадым. «Кіші баланың тыныштығын үлкен бала көтереді» дегендей, Айдынға сүт беріп, ұйықтатып жатқанда Айбар ас бөлмедегі токқа қосылып тұрған «соковыжималка» ойнап жүріп оң қолын салып, шайнатып алды. Баламның жан даусы шыққанын ести сала екі өкпемді көтеріп ас бөлмеге жүгіріп бардым да «соковыжималка» аппаратын өшіріп үлгердім. Көзді ашып-жұмғанша ас бөлмесі қанға боялды, не істерімізді білмей, қолын «соковыжималкадан» суырып алып, мұздай суға жуа бердім, жуа бердім...

Сол күні бала-шағам улап-шулап, әп-сәтте үйі азан-қазан болды. Өзімнің де есім-санам бір кіріп-бір шығып, жан даусыммен күңіреніп, қайғыдан қан жұттым. Баламның шайналып, салбырап қалған саусақтарынан суша аққан қанын тоқтатып жүріп «жедел-жәрдемге» де хабарласып үлгердім. Көп ұзамай «жедел-жәрдем» де келіп, дәрі егіп, ауруханаға алып кетті.

Алғашқы отасы 3-4 сағаттай болды. Жанымызды шүбірекке түйіп отырып, ұзақ күттік, Құдайға жалбарындық. Дәрігерлер де аянып қалмады. Сәкен есімді дәрігер бар күшін салып, Айбардың зақым болған кіп-кішкентай саусақтарына ота жасап шықты. Осы күнді есіме алғым келмейді, өмірімде ең ауыр болған оқиға еді бұл. Тағдырдың ақ пен қарасын көп көрген әйел заты едім, бірақ баламның сол күнгі шырылдаған жан даусы әлі құлағымда, ештеңені толық түсіне алмай менен көмек күткен жәудеңдеген жанары әлі көз алдымда. Осы хатты жазып жатып та жүрегім езіліп жылап отырмын. Дәрменсіздік ауыр хәл, әсіресе әйел заты үшін бала алдындағы дәрменсіздік ең ауыр жағдай екенін бар болмысыммен түсіндім. Құдай мені баламмен неге сынады екен?

Міне, содан бері 7 ай өтті. Бүгінде аурухананы «екінші үй» етіп алғандай күйді бастан кешіріп жүрміз. Айбарға төрт рет ота жасалды. Төрт саусағы зақымдалыпты, оның екеуіне, нақтылап айтқанда, екінші және төртінші саусақтарына ампутация жасады. Бас бармағы мен ортаңғы саусағын аман алып қалғанымен екеуінде де қимыл-қозғалыс жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, тағы бірнеше операция жасау керек. Осы 7 айдан бері төрт рет ота жасалған балам төрт рет «наркоз» алды. Кейінгі екі отасы Алматы қаласындағы №2 балалар ауруханасында өтті. Бұл жағдайлар баламның жан-дүниесіне, физиологиясына әсер еткені байқалады. Десек те, қазіргі таңда балам ептеп-ептеп тамаққа деген тәбеті ашылып, қайта ойынға алдана бастады. Бұған да Аллаға шүкір дейміз.

Енді алдымызда баламның аман қалған саусақтарына медициналық түрлі ем-шалалар жасалып, дәрігерлердің көмегіне жүгіну мәселесі тұр. Мамандардың айтуынша, саусақтардың қимыл-қозғалысқа түсу үшін бірнеше ота жасалу керек екен. Бұған білікті де білімді дәрігерлердің көмегі ауадай қажет екені анық. Сондықтан  да Сіздер тараптарыңыздан берілетін көмекке зәру болып отырған жайымыз бар. Балалар үшін жасалып жатқан қайырымды да қайырлы істеріңізді балаларына көмек алған көптеген ата-аналардан естідік, білдік. Алла жұмыстарыңызға береке берсін дей отырып, балам Айбар Сманның отасына қолдау жасауларыңызды сұраймын.

«Қайырымдылық көмек іздеу үшін Сіздерге жіберілген кез-келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін».

Новости

Айбар госпитализирован в клинику 23 октября 2024 г. Операция проведена успешно!

Благодарности

Здравствуйте! Меня зовут Аселя. Я мама Сман Айбара, которому 23.10.2024г. делали операцию в "Детской городской больнице №2" в г.Алматы. В больнице провел мастер-класс травматолог-ортопед, заведующий отделением № 3 микрохирургии и травмы кисти ФГУ ЦИТО им. Н.Н. Приорова кистевого хирурга, д.м.н., профессора кафедры травматологии и ортопедии РУДН Голубев Игоря Олегович. Голубев И .О. и травмотолог - ортопед Солтанбекова У.С. и другие сотрудники делали операцию (Т92.6) Последствия размножения и травматической ампутации верхней конечности (Посттравматическая деформация правой кисти, полное отсутствие сухожилий (дефект) сгибателей 2,4 пальцев правой кисти. Рубцовая контрактура сгибателей 3 пальцев. Состояние после этапных операций, укорочение 1,2,4 пальцев правой кисти. Отсутствие активного движения и нарушение чувствительности 1,2,3,4 пальцев правой кисти. Повреждения одной из пальцев артерий 3 пальца правой кисти). Спасибо им и Общественному благотворительному Фонду «Милосердие» Аружан Саин, который помогли моему сыну. В будущем ещё могут быть этапные операции, думаю и тогда тоже поможет нам.... Я благодарна всем кто помогает детьм и даёт надежду родителям. Спасибо большое!

История болезни

В феврале 2024 года Айбар получил серьезную травму руки. По неосторожности он поместил пальцы рук в соковыжималку, которая была подключена к сети. Айбару экстренно была проведена операция, которая длилась около 3-4 часов. В общей сложности Айбар перенес четыре операции. 2 пальца пришлось ампутировать. Для восстановления подвижности поврежденных и сохраненных пальцев, необходима операция. В период с 23 по 25 октября 2024 г. на территории 2 Детской клинической больницы (ДКБ) г. Алматы, будет проведен мастер-класс: «Микрохирургические операции при врождённых и приобретённых пороках верхних и нижних конечностей». Оперирующий доктор - заведующий отделением микрохирургии и травмы кисти, доктор медицинских наук, профессор кафедры травматологии и ортопедии РУДН г. Москва - Голубев Игорь Олегович. Вы можете помочь Айбару, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".


Айбар госпитализирован в клинику 23 октября 2024 г. Операция проведена успешно!