Алихан Қасымбай. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 19 января 2026 г.

Возраст
15 лет
Город
Шымкент
Диагноз
Эписпадия
Ориентировочная сумма
1 826 095 KZT

О ребенке

Обращение 2:

Біз, Қасымбай Алихан Аязханұлы, 21 қазан 2010 жылы туылған, «Тотальная эписпадия» баланың ата-анасы, сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектесулеріңді сұраймыз. Ең бірінші балам дүниеге келгенде қуанышымда шек болмады. Өйткені, ең бастысы ата-ана атану құқығына ие болдық. Мұндай бақыт бізге нәсіп еткеніне Аллаға мың алғыс. Үлкен ұлым дүниеге келген соң, дәрігерлер баланың кішкене денсаулығында ахау бар екенін мәлімдеді. Бұл сөзге, жан жарым келіншегім екеуміз сенер сенбесімізді білмедік. Неге біздің отбасымызға осындай сынақ бергенін келіншегім екеуміз түсінбедік. Біз туылған перзентханада мұндай ауруды білмегенін айтты. Балапанымыздың осындай ауыр сынақты өткеретінін білгенде, келіншегім екеуміз іштей өз-өзімізді жей бастадық. Бірақ, өмір шіркін жалғаса береді екен. Баламыздың диагнозын анықтаған соң яғни «Эписпадия», интернет желісінен бұл ауру туралы көптеген ақпараттар оқып шықтық. Сәйкесінше Ресей, Израиль, Германия ауруханалырымен сөйлесіп, операцияның ақылы түрде болатынын хабарлады. Әр түрлі дәрігерлер туралы түрлі пікірлер жазылыпты. Жас отбасы болған соң Ресей, Израиль, Германия ауруханалары сұраған 15 000$– 20 000$ доллар ақшаны табу өте қиын. Содан соң Қазақстан медицинасын зерттей бастадым. Нәтижесінде, балалар урологиясы туралы Алматы және Астана қаласында  бар екенін анықтадым. Ары-бері ойланып, Алматы қаласындағы «Ақсай» республикалық балалар ауруханасын таңдадық. Бұл ауруханада біраз операцияларды бастан өткердік. Бірі сәтті шықса, бірі сәтсіз өтті. Бірақ, бұл ауруханада Абдибеков Марэн Ибрагимович дәрігеріміз барынша қол созып, өзінің бар білімін салып, әр саты(этап) емдеу және операцияларын өткізді. Бізге «Тотальная эписпадия» диагнозы қойылды. Біршама жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Бірақ соңғы 4-5 жылда «Ақсай» республикалық балалар ауруханасы, С.Д. Асфендиров атындағы ҚазҰМУ өткеннен бері біздің білікті дәрігер Марэн Ибрагимович бұл ауруханадан кетті. Әрине, сол жерде жүргенде мүмкін ауруымызды біраз жеңіп тастайтын едік. Қазірде жыл сайын Алматыға емдік шараларды жасаған уақытта осы дәрігерімізге жолығып тұрамыз. Қазір сол дәрігеріміздің артынан еріп келе жатқан жас талантты дәрігерлер барынша өз қолдарын созып көмектесіп жатыр. Жақын арада сол баяғы интернет желісі арқылы Израиль ауруханаларымен қайтадан хабарластым. Емдеу процестері мен операциясы 25 000$ - 30 000$ доллар шамасына өсіпті. Көп балалы отбасы болған соң, мұндай қаражатты тауып, емдеу мүмкіндік болмай жатыр. Сол себептен сіздерден көмек сұрауыма тура келіп тұр. Қаншама жеңістерге жеткенмен бірақ әлі толықтай бұл ауруды жеңбедік. Ұлым қазір жасы 14-ке келді. Жас баланың организмі дамып келе жатыр. Болашағы туралы уайымдап жатқан бетіміз бар. Ұлым келешекте үйленіп, үлгілі отбасы бола ма? Балалары болама? Осындай сұрақтар ұлымның психологиясына әсер ететінін біліп тұрмыз. Англиядан келетін дәрігер Имран Муштак туралы естіп, осы дәрігердің қабылдауында болығымыз келіп тұр. Мүмкін осы дәрігер ауруды жеңіп, ары қарай жақсы болар деген үміттемін. Керекті, дәрілері мен емдік процестерге және келешекте болатын операцияларын ақшалай көмек немесе шетелде емделуге жол ашып берсеңіздер. МАҢЫЗДЫ!1) Хат соңында келесіні жазу қажет: «Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін». Мұндай рұқсат балаңыздың мүддесі үшін әрекет етуімізге заңды негіз болып табылады. 2) Жоғарыдағыны жазғаннан кейін хаттың қай күні жазылғанын көрсетіп,  қолыңызды қоюды ұмытпаңыз. Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін.

Смайлов Аязхан Касымбаевич

Обращение:

Обращаемся с просьбой оказать помощь в оплате операции. Алихану требуется урологическая операция в рамках предстоящего мастер-класса. «Для поиска благотворительной помощи разрешаю использовать в СМИ, включая интернет, любой из высланных вам документов, в том числе медицинские выписки и фотографии».  

Благодарности

№1

Мы родители Қасымбая Алихана, выражаем благодарность фонду "Милосердия" и спонсорам, которые помогли нам провести операцию в рамках мастер класса с больнице Первой неотложной помощи г. Алматы с привлечением доктора из Англии Имрана Муштака. Сыну была проведена сложная операция, сейчас идет восстановительный период. По диагнозу ребенка операция и лечение состоит из несколько этапов. Мы как родители очень рады что нам помогли в трудную ситуацию по поводу лечении. Так как у нас не было возможности выехать за границу чтобы оперировать по диагнозу ребенка. Выражаем огромное благодарность фонду и спонсарам. Спасибо всем.

История болезни

Алихан родился 21 октября 2010 года в небольшой казахстанской семье. Для его родителей это был долгожданный день, полный волнений и надежд. Первый ребенок - главный подарок судьбы, который дал им право называться мамой и папой. Однако спустя несколько дней их счастье омрачилось новостью: у Алихана была обнаружена редкая врожденная патология. Врачи объяснили, что заболевание требует длительного и сложного лечения, но в Казахстане никто не мог дать гарантии полного выздоровления. Не теряя надежды, родители Алихана начали изучать заболевание. Семья узнала о талантливом хирурге Имране Муштаке из Англии, который специализируется на таких заболеваниях. Было проведено несколько реконструктивных операций, крайняя была проведена 20 января 2025 г. в рамках мастер-класса. В результате лечения достигнуто частичное улучшение, однако полное восстановление не достигнуто. В настоящее время, в связи с возрастным развитием организма и сохраняющимися функциональными нарушениями, Алихан нуждается в операции. Эта семья прошла через многое. Они боролись за здоровье Алихана с первого дня его жизни и не утратили веру. Их надежда - это добрые сердца тех, кто может помочь. В период с 19 по 21 января 2026 года на территории Центра детской неотложной медицинской помощи г. Алматы, будет проведен мастер-класс с привлечением признанного специалиста в области детской урологии – профессора Имран Муштака, работающего в клинике «Great Ormond Street Hospital» в Лондоне (Великобритания). Имран Муштак - детский хирург-уролог, старший преподаватель Института детского здоровья, член исполнительного комитета Британской ассоциации детских хирургов-эндоскопистов, член Европейского общества детских урологов и Международной педиатрической группы по проведению эндоскопических операций. Вы можете помочь Алихану, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".    

Ориентировочная стоимость 1-го этапа операции: 1 940 835 тенге 

Ориентировочная стоимость 2-го этапа операции: 1 826 095 тенге

* 517 434 тенге на 1-ю операцию Алихана перечислил частный спонсор, пожелавший остаться неизвестным. Выражаем благодарность за поддержку подопечных фонда!