Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
25 185 480,00
Помочь

Парасат Данен. Дата анализа: март 2025 г.

Дата рождения
05.06.2023
Город
Шымкент
Диагноз
Генетическое исследование
Ориентировочная сумма
228 000 KZT
Им помогли

О ребенке

Обращение:

Біз, Данен Парасат Әлімжанұлының ата-анасы, 2023 жылы 5 маусымда туған баламыздың денсаулығына байланысты сіздерден көмек сұраймыз. Диагнозы: I42.0 - Дилатациялық кардиомиопатия. Жүрек жеткіліксіздігі (ЖЖ) сол жақ қарыншаның орташа төмендеген лақтыру фракциясымен, А сатысы, ФК II. Қозғалыс дамуының кешеуілдеуі диффузды бұлшықет гипотониясы аясында. Туа біткен миопатия IA, аутосомды-доминантты, қатерлі гипертермияға бейімділік. Бастапқы иммундық тапшылық. Созылмалы цитомегаловирустық инфекция (ЦМИ), жайылған түрі, хламидиялық инфекцияның репликациясымен, жедел ағымы. Орташа дәрежелі темір тапшылық анемиясы (ЖДА). Осы диагнозбен есепте тұрған баламызға «Толық экзомды секвенирлеу» талдауын жүргізу үшін қаржылай көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Мен де, күйеуім де жұмыссызбыз, жұмыспен қамту орталығына жүгінбегенбіз. Әлеуметтік көмекке өте мұқтажбыз. Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін.

Новости

Забор биоматериала произведен в марте 2025 г. Результаты ожидаются через 3 месяца. 

Благодарности

Сәлеметсіздер мен. Мен өзім 5 баланың анасымын, осы кіші балам ауырғанда дейін осындай Фонд бар екендігін тіпті білмедім. Біз көмекке мұқтаж боламыз деп тек ойламадым. 10айдан бері температурасын Шымкент, Астана,Ташкенттің дәрігерлеріне бірнеше рет болдым. Барлығы нақты диагноз қою үшін Генетикалық тест тапсыруды айтты. Осы кезде бізге көмекке "Милосердие" фондық келді, көп жүгіріп әуре етпеді тез арада ойламаған жерден бізге 400 000 ды лабораторияға төлеп берді. Біз анализді Алматыда тапсырдық, Өте жылдам қызмет көрсетті рахметім шексіз. Осында жұмыс жасайтын жандарға Алғысым шексіз Руслан және Наталияға көп рахметімді айтамын. Көп Аналар шарасыз қалғанда көмекші бола алатын жандар көп болсын Алғысым шексіз, Аллам бар жақсылығымен марапаттасын,көңілдерін қуантсын. Енді біз тек жақсы жаңалықтар күтіп отырмыз.

История болезни

В нашей с вами помощи нуждается Парасат. Малышу диагностированы врожденные заболевания, которые требуют генетического обследования в условиях Медико-генетического центра «Геномед» Россия, Москва. Данный анализ поможет установить точный диагноз и подобрать необходимое лечение. Забор биоматериала будет произведен в марте 2025 г. Вы можете помочь Парасату, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".


Забор биоматериала произведен в марте 2025 г. Результаты ожидаются через 3 месяца.