Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
18 092 314,00
Помочь

Аруна Бекмырза. Дата анализа: май 2025

Возраст
10 лет
Город
Тараз
Диагноз
Генетическое исследование
Ориентировочная сумма
480 000 KZT

О ребенке

Обращение:

Мен, Кузбаева Гульназ Сарсенбековна Сізге өтініш жазу себебім. Менің қызым, Бекмырза Аруна Ғабитқызы 2014 жылы шілденің 16 - сы туылған, 1,8 айға дейін денсаулығы жақсы болған, 2016 жылдан бастап эпилепсия диагнозы қойылды. Жылда больницаға жатамыз еш өзгеріс жоқ. Жылдан жылға ауруы асқынып, кәзіргі таңда өздігінен жүре алмайды. 2016 жылдан бастап Шымкент қаласында жеке Невропатолог дәрігеріне қаралып жүрдік, бірде жақсы болып қалатын сияқты бірақприступ тоқтамады. 2018 жылдан бастап жағдайымызға байланысты қаражат жетіспеуінен, өзіміздің Тараз қаламызда емделудеміз, еш нәтиже жоқ. 2023 жылы қыркүйек айынан бастап жағдайы күрт нашарлап, жүре алмай қалды. Осы арада тапсырмаған анализіміз қалмады, бәрін көрдік Тараз қаласында, бірақта дәрігерлер қорытынды бере алмады. Қызыма диагноз қоя алмады. Бірақ Алматы қаласындағы дәрігер Бақыт Жүсіпжановна Тараз қаласына келіп, қызымды бақылап нейропатия деген диагноз қойды. 

Бақыт Жүсипжановна Қызым Арунадан қан талдауын алып Корей мемлекетіне жібертіп генетикалық сынама жасатты мемлекет қаражатынан, нәтижесін 3 ай күту керек болатын. Сол арада біз уақыт жоғалтпайық деп, 2024 жылы қыркүйек айында, несие алып Ташкент қаласына емделуге бардық, толық диагностика жасалды. Бірақ нәтиже болмады. Ташкентте тек қана, Алматы қаласындағы дәрігер Бақыт Жүсіпжановнаның нәтижесіне сүйеніп диагнозын растап қойды.  Содан біз екі курс ем алдық, нәтиже бермеді. Корей мемлекетінің қан талдауы таза болып шықты. Тараз қаласында тағы емханаға жаттық, сонда бізге тағыда Ресей мемлекетіне генетикалық қанталдауын жасау керек деді,. Ол қан талдауы (Полное секвенирование генома) деген осы талдау бойынша соңғы үмітіміз диагноз анықталып, ем шара жүргізуге. Қан талдауының құны 600 мың тенге шамасында тұрады деді. Оған біздің шамамыз келмегендіктен сәздерден көмек сұраймыз. Қызым осы талдаудан кейін жүруіне үміт бар деді.

Біздің сіздерден көмек сұрауымыздың себебі:

Мен қызыммен үйде отырамын, 376 510 теңге көлемінде жәрдемақы аламын. Оның 227 000 теңгесін несие төлеуге жұмсаймын. Кейде тамаққа да жетпей қалады. Жолдасым такси қызметінде жұмыс істейді. 5 балаға жеткізе алмай отырмыз.

Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәліметтер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін.

Т.А.Ә.: Күзбаева Гүлназ Сәрсенбекқызы

История болезни

В 2016 году Аруне поставили диагноз "Эпилепсия". С тех пор продолжается борьба с недугом. С сентября 2023 года состояние Аруны резко ухудшилось, и она больше не может ходить. Требуется генетическое исследование в Медико-генетическом центре «Геномед» Россия, Москва. Забор биоматериала будет произведен в мае 2025 г. Вы можете помочь Аруне, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".