
Обращение:
Құрметті қайырымды жандар!
Менің сіздерге хабарласу себебім ұлым, Кален Бақдәулеттің денсаулық жағдайына байланысты. 2023 жылы ұлым ойнап жүріп, оң қолын әйнекке кесіп алған болатын. Сол сәтте алғашқы көмек дұрыс көрсетілмей, нәтижесінде қолындағы сіңірлері үзіліп, оң қолының қызметі тоқтап қалды. Кейіннен операция жасалып, бірнеше рет оңалту курстарынан өттік, алайда әлі күнге дейін оң қолы жұмыс істемейді.
Жақын арада біздің қаламызға белгілі хирург Голобев И.О. келіп, шеберлік сабағын өткізбекші. Осы маманның көмегімен баламның қолына қайта операция жасату өте маңызды болып тұр. Ұлымның қолының қайтадан дұрыс жұмыс істеуі үшін сіздердің көмектеріңізге қатты мұқтажбыз.
Өзім көпбалалы анамын, жолдасым екеуіміздің тұрақты жұмысымыз жоқ, жалдамалы жұмыстар істеп, мемлекеттің жәрдемақысымен күн көріп отырмыз. Пәтер жалдап тұрамыз. Материалдық жағдайымызға байланысты осы операцияны өз күшімізбен жасатуға мүмкіндігіміз жоқ.
Сіздерден осы операцияға қажетті қаржылық көмек көрсетуіңізді сұраймыз. Ұлымның болашағына үміт сыйлап, қолдау көрсетулеріңізді өтінемін.
Қайырымдылық көмек сұрау үшін мен сіздерге жіберілген кез келген құжаттарды, оның ішінде медициналық жазбалар мен фотосуреттерді БАҚ, интернет ресурстарында пайдалануға толық рұқсат беремін.
Құрметпен,
Аблаева Қымбат
В 2023 году Бақдаулет во время игры порезал правую руку о стекло. В тот момент первая помощь не была оказана должным образом, в результате чего сухожилия на руке были порваны, а функция правой руки утрачена. Позже сделали операцию и прошли несколько курсов реабилитации, но правая рука по-прежнему не функционирует должным образом. Требуется операция. В период с 15 по 16 мая 2025 г. на территории 2 Детской клинической больницы (ДКБ) г. Алматы, будет проведен мастер-класс: «Реконструктивные операции при врождённых и приобретённых пороках верхних и нижних конечностей, сухожильно-мышечные транспозиции при последствиях повреждения нервов верхней конечности». Оперирующий доктор - заведующий отделением микрохирургии и травмы кисти, доктор медицинских наук, профессор кафедры травматологии и ортопедии РУДН г. Москва - Голубев Игорь Олегович. Вы можете помочь Бақдаулету, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".