
Обращение:
Біз, Сейтқан Бекжан Серікболұлы (23.10.2009 ж.т.) – «Нистагм және көздің еріксіз қозғалыстары (екі көздің әлсіз дәрежелі гиперметропиясы)» диагнозы қойылған баланың ата-анасы, сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Баламның көз қарашығының тоқтаусыз қозғалысын алғаш рет үш айлығында байқадым. Тарбағатай аудандық ауруханасының дәрігерлері нақты ем тағайындамай, тек бақылауда ұстау керек деп айтты. Диагноз қойылмағандықтан, бастапқыда қатты мән бермедім. 2016 жылы көзінің еріксіз қозғалысы күшейген соң Өскемен қаласындағы «Ана мен бала» орталығына апарып қаралдым. Сол жылдан бастап нақты диагноз қойылып, 10 күндік аппараттық ем қабылдай бастадық. Әуелде әр алты ай сайын қабылдап жүрдік, кейін алыста тұратындықтан жылына бір рет жаз мезгілінде ғана бара алдық. Өзім декретте, жұмыссыз болғандықтан қаражат жағынан қиындықтар туындады. 2024 жылға дейін жылына бір рет ем қабылдадық. Аппараттық емнің көмегімен жазылып кетеді деп үміттендік, бірақ нәтиже болмады. Соңғы тексеру барысында дәрігерлер Семей немесе Алматы қалаларындағы орталықтарға баруға кеңес берді. Біз алдын ала жазылу арқылы Алматыдағы профессор Ботабекова атындағы офтальмологиялық орталыққа бардық. 2025 жылдың 11 шілдесінде Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында офтальмолог Кейкина Л.К. нистагм мен катарактаны операциялық жолмен емдеу қажеттігі туралы кеңес берді. Мен көпбалалы анамын, жолдасым жұмыссыз. Ауылдық жерде жұмыс табу қиын. 2023 жылдың көктемінде мектепке кіші қызметкер болып жарты ставкаға жұмысқа орналастым, айлығым 50 мың теңге болды. Кейін толық жұмыс күніне ауысып, қазір 100 мың теңге шамасында жалақы аламын. Көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттен 63 мың теңге көлемінде жәрдемақы аламыз. Бұл қаражат күнкөріске ғана жетеді. Сондықтан баламның еміне қаржылай көмек берулеріңізді өтінемін. Қайырымдылық көмек іздеу мақсатында мен сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық анықтамалар мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін.
Далжанова Гүлнара Мұратбайқызы
Бекжан с рождения страдает нистагмом — заболеванием, при котором глазные яблоки совершают непроизвольные движения, что приводит к снижению зрения. Диагноз был поставлен, когда ему исполнилось несколько месяцев. С раннего детства мальчик проходил аппаратное лечение, однако, несмотря на годы терапии, улучшений не произошло. Врачи диагностировали также катаракту и настоятельно рекомендуют провести операцию. Без своевременного вмешательства зрение Бекжана может ухудшиться. В период с 4 по 7 ноября 2025 г. на базе Центра детской неотложной медицинской помощи, будет проведен мастер-класс "Реконструктивно-восстановительная хирургия в детской офтальмологической практике" с привлечение окулопластического хирурга, доктора Daniel Casanave (РФ) с клиники «World Vision» (г.Москва), клиника «Ленар» (г.Нальчик). Семья Бекжана обращаются ко всем неравнодушным с просьбой оказать посильную материальную помощь. Любая поддержка поможет сохранить зрение мальчику и подарит ему шанс на полноценную жизнь. Вы можете помочь Бекжану, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".