
Обращение:
Біз 15.11.2013ж.туған, сол көздің қабағының паралитикалық птозы диагнозы қойылған Бақытқали Айзеренің ата-анасы сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектесулеріңізді сұраймыз...
Қызым туылғанда көзінде ақау болмады. 2,5 жасында Атырау қаласында бала-бақшаға бердік, сол кезде күз айында ангина, соңында пневманиямен ауырып ауруханаға жатады, 1 апта жатып шыққан соң біраз уақыттан соң қайта ауырып, ауылдан әжесі мен атасы келіп ШҚО Үржар ауданы Ақшоқы ауылына алып кетеді баланың иммунитетін көтереміз деген мақсатта. Жолдасым әскери адам болғандықтан көшіп-қонып жүреміз Атыраудың климаты жақпады ма деп ойладық. Ауылға барған соң қызым балабақшаға жақсы барып жүреді. Бір күні топтарына жаңадан бір бала келіп жылайды, оған қарап қызым да жылайды екен, сөйтіп күні бойы көзін орамалмен сүрте бергеннен кешке әжесі келгенде екі көзі ісініп қызарып кеткен екен. Ертеңінде сол көзінің қабағы түсіп қалады. Сөйтіп әжесі қызымды алып Семей, Өскемен қалаларына апарып окулист невропатологтарға тексертеді, бірақ дәрігерлер бәрі жақсы дейді. Мұндай ауруды өмірімізде естімеген біз не істерімізді білмей дәрігерлер көмектеспегесін емшіге апарамыз. Ол кісі бұл стресстен болған, бала әке-шешесін сағынған деп май оқып беріп сонымен массаж жасап қабағы толық көтерілетін. Бұған невропатологтар таң қалатын. Себебі птоз болса көтерілмеу керек дейді. Миастенияны да жоққа шығарды. Птозға операция жасау керектігін бізге ешкім айтпады ол уақытта. Осылай мен 7жасына дейін масажбен көтеріп жүрдім, өсе келе бұлшықеттері қатайып түзеліп кетер деп ойладым. Қабағы жылына 2-3 рет түсетін.
2019-2021жылдары біз Ақтау қаласында тұрдық, ол жақта невропатолог окулисттерге қаралдық, берген емдері мүлде көмектеспеді. Сөйтіп қабағы түсіп тұрған соң көру қабілеті төмендеп, көздің қисаюын байқай бастадым.
2021 жылы Алматы қаласына көштік, сол жақта ең мықты деген Сучков М.А. деген невропатологқа қаралдық. Ол кісі де барлық зерттеулерін жүргізіп мидың мрт, электронейромиография декремент-тест жасатып , шетелдік әріптестерімен де хабарласып неден болғанын, қалай емдеуге болатын жолын таппады, неврология жағынан еш ақау табылмады, анықталмаған этиологияның сол жағындағы окуломоторлы нервтің ішінара парезі деген диагноз қойып, тек окулисттер қарау керек деді.
Сосын 2 жыл бойы Коноваловада қаралып жүрдік, олар бірақ операция жасай алмаймыз деді. Сосын Көз ауруларының ғылыми институнына барып қаралдық, ол жерде де Жуматаев Э.А. операция жасаймын, бірақ жартылай ғана ашамыз деді, дәл қазір осы операцияны қажеттілігін, басқа жолдың жоқтығын түсіндірмеді,өйткені бұл ауру екінің бірінде кезікпейтін сирек кезедесетін көз ауры, бізге ешкім ешнәрсе түсіндірмеді, бұл ауру туралы ақпарат өте аз еді, массажбен ашылып жүргесін өсе келе бұлшықеттері қатайып, қалпына келеді деп үміттендік. Сөйтіп біз көзді толық ашу жолын іздеп, сол жылы Астана қаласындағы «RB Clinic»ке бардық. Ол жерде бізге операция жасамаймыз деді, себебі бала 8 жаста , балаға наркоз бізде жоқ, бала шыдамайды деді. Мұндай операцияны балаға тек Көз аурулары институтында жасайды деді. Сосын сол клиниканың балалар окулисты бізді невропатологқа қаралу керек деп Иманкулова А.А.ға жіберді. Ол кісінің берген тағайындауларын (олардан да пайда болмады, құжаттардың ішінде бар) және ол бізді инфекционистке жіберді, инфекциядан болуы мүмкін деген болжаммен. Инфекционист көптеген анализдер (құны 100мың тг) тапсыруға жіберді. Ол анализдың бәрі таза боп шықты, инфекция ұйқыда болса емдей алмаймын деді. Анализ тапсырған чектер сақталмаған. Сонымен қоса невропатолог транскраниальная ультрасонография өткізді, құжат тіркелді.
Астанадан келген соң Көз аурулары клиникасына қайта барып едім Жуматаев Э.А. әзірге операция жасай алмаймын, өйткені көзі жоғары қарағанда қозғалуы шектелген, уақыт өте өзгеріс болса ғана жасаймын әзірге тек бақылауда боласыз деді.
04.02.23жылы Lucy клиникасы туралы естіп оған бардық. Ол жердегі врач Кульбаев Н.Д. балаға бұл жаста операция жасауға болмайды, тек 14 жасында жасау керек деді (құжат тіркелген).
Сол жылы тамыз айында жолдасымның жұмысына байланысты Орал қаласына көштік. Турцияда көз ауруларын жақсы емдейді дегенді естіп инстаграмнан медицинский тур фирмаларды іздестіріп «Meddays» фирмасының көмегімен Дуньягоз клиникасының дәрігерлерінен онлайн консультация алып 2024 жылдың қаңтарында Стамбулға Айзере әжесімен кетеді. Дәрігерлер птозға да косоглазиеге де операцияны 1 уақытта жасаймыз деп шешті, алайда қабағын толық ашуға болмайды, көзі ашып жұмылмай қалуы мүмкін деді. Тек операцияның ғана құны 1 500 000 нан 3 000 000 тг тұратынын айтты. Ақшаны әжеміз зейнетақы қорынан шешті жетпеген 1млн.нан аса соманы туыстар және өзіміз жинап бердік. Операциядан соң 1,5 айдан соң қызымның қабағы қайта түсе бастады. Турциядағы дәрігерлермен хабарласып, жағдайды түсіндірген соң қайта келуімізді сұрады. Маусым айында әжесі Айзерені қайта алып барды. Қабағындағы бұлшықет мүлде жұмыс жасамай тұр деп силикон қоюды ұсынды, мұндай операцияны балаларға 3 айдан бастап жасай береміз, Қазақстанда неліктен Айзереге қабағы түскен сәтте жасамағанына таң қалды. Силикон қоюға келістік өйткені басқа амалымыз болмады. Алайда бұл силиконды 2-3 жылда 1 баланың организмы өскен сайын өлшемі келмегендіктен ауыстырып отыру керек деді. Қазір силиконды қойғанға 2-жылға кетіп барады, қабағы қайта түсіп барады, көзі жасаурай беретін болды.
Орал қаласында Uniserv клиникасында қаралып тұрдық. Ондағы окулист Астана қаласына Ресейден хирург Катаев М.Г. келетінін айтып, бірден сол дәрігердің қабылдауына жазылып, наурыз айында бардық. Клиникада біршама анализдер (құны 95000тг , выписка тіркелген) тапсырып кірдік, бірақ врач тек силиконның орнына полиуретан қоямын деді, оның өзінде Ресейге бару керек және силиконды алған соң 1 жыл жабық қабақпен жүру керек деді, олай жүрсе көзінің көру қабілеті мүлде нашарлайды ғой, сөйтіп ол операцияға келіспедік және оның нәтижесінен күмәндандық, өйткені Ресейде тағы бір хирургтан кеңес алғанымды силикон мен полиуретанның айырмасы жоқ, силикон дұрыс салынса болды деді.
Uniserv клиникасында окулисттың ұсынысы бойынша Даниил Касанавенің инстаграм және телеграм каналына тіркеліп, ол кісінің Алматы қаласына Милосердие фондының қаржыландыруымен келіп операция жасайтынын көріп, өз авторлық әдісімен жасайтынын көріп қатты қуандым, хирургтың өзінен консультация алдық. Операция өмірінде бір-ақ рет жасалады дегенде қуанышымда шек болмады. Операция жасауға қажетті қаражатты жинау қиын болғандықтан сіздердің қорларыңызға жүгініп отырмыз. Қызыма осы операцияны жасауға көмектеріңізді берсеңіздер екен...
«Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін».
Ахметбекова Лязат
Айзере госпитализирована в клинику 15 апреля 2026 г.
Айзере столкнулась с серьёзным заболеванием глаз в раннем детстве. В возрасте 2,5 лет у неё внезапно опустилось веко левого глаза. Несмотря на многочисленные обследования, врачи долгое время не могли определить причину заболевания. С годами состояние ухудшалось: развилось косоглазие, снизилось зрение. Айзере прошла через длительный путь лечения - наблюдения у специалистов в разных городах Казахстана, многочисленные обследования и даже операции за рубежом. Однако ни одно вмешательство не дало устойчивого результата. В 2024 году Айзере перенесла операцию в Турции, после которой состояние временно улучшилось, но вскоре проблема вернулась. Установленный силикон требует регулярной замены, а веко снова начинает опускаться, вызывая дискомфорт и ухудшение зрения. Сегодня у девочки есть шанс на эффективное лечение - операция по авторской методике у высококвалифицированного хирурга. Это может стать единственным и решающим шагом к восстановлению. В период с 14 по 16 апреля 2026 г. на базе Центра детской неотложной медицинской помощи, г.Алматы будет проведен мастер-класс «Современная реконструктивная хирургия в детской офтальмологии: клинические алгоритмы и хирургическая тактика» с привлечение окулопластического хирурга, доктора Daniel Casanave (РФ) с клиники «World Vision» (г.Москва), клиника «Ленар» (г.Нальчик). Вы можете помочь Айзере, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".