Бек Ибадулла. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 15 апреля 2026 г.

Возраст
13 лет
Город
Туркестан
Диагноз
Косоглазие
Ориентировочная сумма
353 828 KZT

О ребенке

Обращение:

Ибадулла Бек, 11.07.2012 ж. Вертикальное косаглазие. Ұлым Ибадулла Бекті денсаулығындағы қиындықтар 2020 жылдан бастап байқала бастады. Сол кезде көзінің аздапқиғаштанып, бір жаққа қарап тұратынын аңғардым. Жергілікті дәрігерлерге бірнеше рет көрсеткеніммен, оларқорқынышты ештеңе жоқ деп сендірді. Алайда 2022 жылы баламды көлік қағып, аяғы сынып, отажасатуға тура келді. Сол ауыр кезеңде оның көзіндегіқиғаштық бұрынғыдан да айқындала түсті. Үш ай бойы өзаяғымен жүре алмай, үйде күтімде болды. Кейін жағдайыжақсарған соң Шымкент қалалық балалар ауруханасындаСидорова есімді дәрігерге қаралдық. Бір ай бақылауданкейін дәрігерлер “мәселе көзде емес, мойында” дегенқорытынды шығарды. Сол кеңеске сүйеніп, Шымкент қаласындағы Айна Бакеевадеген маманнан мойынға арналған массаж алдық. Массаждан кейін мойыны түзелгендей болғанымен, баламның бір қырымен қарауы тоқтамады. 2024 жылы ұлым Арыс қаласындағы білім инновация лицейіне түсті. Сол жерде балалармен ойнап жүрген кезіндекөзіне доп тиіп кетті. Мен дереу оны қайтадан Шымкентке, “Көзім” клиникасына офтальмолог АсылжанӘнуарбекұлына алып келдім. Ол баланы қарап, қосымшатексеру қажет екенін айтып, бізді Алматыдағы ҚазНИИ көзаурулары институтына (ҚазНИИ) офтальмолог ЖансаяТемірғалиева және невропатолог Азиза Сейітова жолдады. Сол кезде Шымкент қаласындағы невропатолог АзизаСейітова МРТ жасатып, нәтижесін қарап, бізге Алматыдағыбелгілі офтальмолог Ләззат Кейкинаға баруға кеңес берді. Ләззат дәрігер ұлымды тексеріп, нақты диагноз қойды: Вертикальное косоглазие көз бұлшықеттеріндегі ақау – туабіткен бұзылыс екен. Ол баламның бір жақпен қарауы мен көру бұзылысы осы себептен екенін түсіндіріп, бір ай ем қабылдауды және кейін міндетті түрде ота жасатудыұсынды. Ең қиыны — баламның заттарды екеу етіп көруі. Бұл – көру жүйесінің бұзылуы, яғни ми екі көзден келген суреттібіріктіре алмай, шатасып қиналады. Мұндай жағдайда бала тез шаршайды, басы ауырады, оқу мен зейін қоюқиындайды. Егер ем уақытында жалғастырылмаса, біркөздің көру қабілеті әлсіреп, тіпті “өшіп қалу” қаупі бар. 2025 жылдың 26 тамызында Ләззат Кейкина  ұлымның екі көзіне де отажасады . Отадан кейін Шымкент қаласындағы “Астан Вижн” орталығында 15 күн бойы синаптопор аппаратымен арнайы ем қабылдадық. Отадан кейін ұлымның көруі біраз жақсарғандай болғанымен, кейінгі тексерулер барысында дәрігерлеркөздің толық қалпына келуі үшін тағы да қосымша ота қажет екенін айтты. Бұл хабар мен үшін оңай болған жоқ — өйткені бұған дейінгі тек тексеру, жол, дәрі-дәрмекке, массажға өзіне үш миллионнан аса қаражат жұмсалды. Бұл мен үшін өте үлкен сома – бар жинағаным мен табысым осы емге кетті. Осы орайда біз “Милосердие”қайырымдылық қорының көмегіне жүгіндік. 6.11.2025  жылы Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығында, “Милосердие” қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткен Мастер класс бойынша доктор Даниэль Касанаве ұлымның екі көзіне ота жасады. Қазір баламның көзіне доктор Даниэль Касанавеге екінші рет ота жасатуға дайындалыпжатырмыз, алайда менің материалдық жағдайым мұндай шығынды көтеруге жетпейді. Сол себепті сіздердің қолдауларыңызға, мейірім мен көмектеріңізге зәрумін. Әрбір көмектеріңіз — баламның жарық дүниені анық көріп, қалыпты өмірге қайта оралуына үлкен үміт сыйлайды. Мен – жалғызбасты анамын. Жолдасыммен екі жарым жылбұрын айырылысып кеттік, оның қазір басқа отбасы бар. Өзім салонда массаж маманы болып жұмыс істеймін, бірақтұрақты табысым жоқ. Соңғы айларда бар уақытым мен күш-қуатым ұлымның емі мен екі қала  арасына қатынауға кетіп жатыр. Бір қаладан екінші қалаға бару, дәрі-дәрмекпен жол шығыны – маған үлкен салмақ түсіріп отыр. Бүгінде менің жалғыз тілегім – ұлымның толық сауығып, қатарластары сияқты еркін өмір сүруі. Бірақ бұл үшін емді жалғастыру қажет. Сондықтан сіздерден шын жүректен көмек сұраймын. Әрбір қолдау – менің баламның жарық өмірге қайта оралуына жасалған үлкен жақсылық. Алдын ала шын жүректен алғыс білдіремін. Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін.

Новости

Бек госпитализирован в клинику 15 апреля 2026 г. 

История болезни

Бек с детства страдает нарушением зрения, которое со временем переросло в тяжёлую форму вертикального косоглазия. Долгое время заболевание не удавалось точно диагностировать, и лечение не давало результата. После травмы в 2022 году состояние резко ухудшилось - появилось выраженное косоглазие и двоение в глазах, что мешает ребёнку учиться и нормально жить. Мальчик быстро устаёт, страдает от головных болей и испытывает серьёзный дискомфорт. Он уже перенёс несколько операций, включая сложные хирургические вмешательства у ведущих специалистов, однако для полного восстановления требуется ещё одна операция. Мама воспитывает ребёнка одна и уже потратила все свои средства на лечение. Сейчас семья находится в тяжёлом финансовом положении и не может самостоятельно оплатить дальнейшее лечение. Беку необходима помощь, чтобы завершить лечение и вернуть возможность видеть мир без боли и ограничений. Любая поддержка - это шанс на полноценную жизнь. В период с 14 по 16 апреля 2026 г. на базе Центра детской неотложной медицинской помощи, г.Алматы будет проведен мастер-класс «Современная реконструктивная хирургия в детской офтальмологии: клинические алгоритмы и хирургическая тактика» с привлечение окулопластического хирурга, доктора Daniel Casanave (РФ) с клиники «World Vision» (г.Москва), клиника «Ленар» (г.Нальчик). Вы можете помочь Беку, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".