Әзіретсұлтан Абылхасым. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 7 мая 2026 г.

Возраст
7 лет
Город
Шымкент
Диагноз
Симптоматическая эпилепсия. Гамартома слева.
Ориентировочная сумма
3 780 975 KZT

О ребенке

Обращение:

Біз «Дом  мелосердия» фондына  өтініш жазу  себебіміз ұлым 2018 жылы 24 шілдеде туылған Абылхасым Әзіретсұлтанның денсаулығына байланысты. Ұлым туылғалы сол жақ гамартома салдарынан симптоматикалық эпилепсиямен ауырады. Күлу және жылау судоргысымен 2-3 сағат сайын қайталанып отырады. Кейде есінен танып қалады. Біз осы уақытқа дейін өз қаражатымызбен кредит, қарыз алып емдетіп келдік. Қазақстандағы мықты деген дәрігерлердің бақылауындамыз. Дәрілерін  үзбей карбамазепин, оксапин, эпикс ішіп келеміз. Көмектеспей жатыр. Бұл аурудың емі ота жасау екен. Бізде бұл отаны жасай алмайды. Біздің шет елге шығуға мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ  жақында дәрігер Азамат Әбекеновичтен жақсы жаңалық естіп қалдық. Мамыр айында өтетін Алматы қаласындағы №2 АҚБ ауруханасында Улирих Томалидің қатысуымен өтетін мастер класқа қатысып ота жасатқымыз келеді. Бұл ота ұлым үшін үлкен көмек болады деп сенеміз. Себебі өз қатарларынан кеш дамып жатыр. 2 сынып оқушысы жалғыз өзі жүре алмайды, түстерді, сандарды ажырата алмайды және әріп тани алмайды. Үйде оқытуда оқимыз. Үйренген заттарын судоргысы  ұстаса ұмытып қалады. Халқым сіздерден осы отаны жасауға көмек берулеріңізді сұраймын. Себебі мен көп балалы анамын. 6 баламның ішіндегі осы төртінші ұлым және ең кішкентай ұлым  ДЦП диагнозымен, жолдасымның  анасы 1 топтағы  мүгедек Деменсия диагнозымен ауырады. Мен  сол себепті үйде жұмыссызбын. Жолдасым таксист болып жасайды. Дені сау балдарымның алды студент. Мектеп бітіруші, мектеп оқышысы және балабақшаға барады. Әзірге жолдасымның бауырының үйінде тұрамыз. «Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін».

Жандарова Динара Ауелбековна

История болезни

Әзіретсұлтан с рождения страдает симптоматической эпилепсией, вызванной гамартомой головного мозга. Заболевание сопровождается частыми приступами в виде неконтролируемого смеха и плача, возникающими каждые 2–3 часа, иногда с потерей сознания. Несмотря на длительное медикаментозное лечение и наблюдение у специалистов, положительной динамики не отмечается. Ребёнок значительно отстаёт в психофизическом развитии: не может самостоятельно передвигаться, испытывает трудности с обучением, не различает базовые цвета, цифры и буквы, обучается на дому. По заключению врачей, эффективным методом лечения является хирургическое вмешательство. Семья не имеет финансовой возможности для проведения операции и нуждается в благотворительной помощи. В период с 7 по 8 мая 2026 года на базе 2 Детской клинической больницы (ДКБ), г.Алматы будет проведен мастер-класс на тему: «Хирургическое лечение гамартом у детей». Оперирующий доктор - профессор, заведующий отделением детской нейрохирургии университетской клиники Шарите, г. Берлин, Германия - Ульрих-Вилгельм Томале. Вы можете помочь Әзіретсұлтану, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".