
Обращение:
Мен, Прмағанбетова Әсем Серікқызы, 15 қаңтар 2024 жылы туған Ерланқызы Адина есімді қыздың анасымын. Қызымның жасы 2 жас 3 ай толып отыр. Алайда 1 жас 5 айынан бері дене қызуы 38-градусқа көтеріліп, түсер емес. Қазіргі уақытта қызымның денсаулығы, отбасымыздағы алаңдатып отырған үлкен уайым. Сіздерге ана жүрегінің ең ауыр әрі шынайы мұңымен жүгінуге мәжбүрмін. Адина қызым, 3 маусым 2025 жылы дене қызуы 37,5-ке дейін көтеріліп, 8 маусым 2025 жылы «Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар емханасына» жатқызылдық. Диагноз сепсис және ЦМВ қойылып ем жасалды. 21 күн жатып дене қызуы тұрақты түспесе де больницадан шығарылдық. 2025 жылдың шілде айында Астана қаласына Диагностикалық орталыққа және де жеке клиниканың инфекционистіне қаралып, қайтадан ЦМВ вирусына 1 ай ем жасалды. Ем жасалу барысында дене қызуы 38,3-ке дейін көтерілді. Тамыз айында Астана қаласының Инфекционный больницасына барып, өз бетімше барып, баланың ауру тарихын айту бойынша больницаға жатқызылдық. Ол жақта 7 күнде тексеріле келе, дәрігерлер арасында консилиум жасалып, Астана қаласының диагностикалық орталығындағы профессор-иммунологқа жіберілдік. Профессорға қаралу барысында, балаға жергілікті емханадан портал арқылы Ана мен бала больницасына келіп тексерілуімізді айтты. Порталға салу барысында кезегіміз желтоқсан айына келді. Баланың ұйықтамай мазасыздануына байланысты, әрі қарай Ташкент қаласында невропотолог тексеру барысында, басына ем жасады. Алайда баланың ұйқысы тұрақталғанымен дене қызуы түскен жоқ. Үйге невропотологтың нұсқауымен, витаминдер тобын ішіп жүрдік. Желтоқсан айында кезегіміз келіп, Астана қаласының Ана мен балаға жатқызылдық. Алайда тексеру барысында ешқандай ем жасалған жоқ. Себебі, дәрігерлердің консилиумы барысында температураға қосымша ешқандай аурудың белгісі жоқ екендігін айтты. Баланың ферритині 3 гемоглобин 82 болуына байланысты, тек қана ферровит С сиропы тағайындалды. Оны 3 ай іше келе, темаратура тұрақты қалыпқа келген жоқ.
Қазіргі уақытта баланың дене қызуында қосымша ешқандай белгі жоқ. Бала тек қатық пен сумен ғана қоректенеді. Басқа тамақтардан бас тартады. Көңіл күйі- солғын, әлсізданып жүреді. Өзім, қазіргі уақытта, жұмыс бабымен декреттік демалыстамын. Отбасымда, жолдасым ғана жұмыс жасайды, 4 баланың анасымын. Балаларым кәмелет жасқа толмаған, мектеп оқушылары. Қызымның емі үшін, 2025 жылдың маусым айынан бері, осы уақытқа дейін несие алып, өзімнің алтындарымды өтікізіп, Астана қаласы, Алматы қаласы, Ташкент қаласына ем алуға одан бөлек анализдер тапсыруға жұмсадым. Ешқандай қанағаттанарлық нәтиже жоқ. Әрі қарай қызымның емін жалғастыру үшін Корей мемлекетінен дәрігерлерді, ауруханаларды қарап шықтым. Қызымды алып емдетуге мүмкіншілім болмай отыр. Өзім және жолдасымнан бөлек, туыстарымнан да қарызға ақша алдым. Қазіргі уақытта бірнеше банктен несие рәсімдетіп, төлеп отырмын. Қызымның дене қызуы туспеді. Кейде 39,5 градусқа дейін көтеріліп кетеді. Қызымның денсаулығы мені қатты алаңдатады. Себебі күннен күнге тамақ ішпей, мазасыз болуы мен үшін өте алаңдатар жағдай. Баланың ауырып жатқанын көре отырып, ешқандай шара қолдана алмау, әрбір ата-ана үшін өте ауыр сынақ деп білемін. Сіздерге бұл хатты үлкен үмітпен және жүрегіме түскен салмақпен бөлісе отырып жолдаймын. Қызыма дер кезінде көмек көрсетуді сұраймын.
Прмағанбетова Әсем Серікқызы
Адина с возраста 1 года 5 месяцев страдает длительной лихорадкой неясного генеза. Заболевание проявляется стойким повышением температуры тела до 38-39,5 градусов без чётко установленной причины. Адина неоднократно проходила обследование и лечение в стационарных и амбулаторных условиях. Первоначально был поставлен диагноз сепсис и цитомегаловирусная инфекция, проведено лечение, однако положительной динамики не достигнуто. В дальнейшем проводились дополнительные обследования у инфекционистов, иммунологов и невропатологов, включая консультации в различных медицинских центрах, однако точная причина состояния не установлена. Состояние Адины остаётся тяжёлым: сохраняется высокая температура, выражена слабость, снижение аппетита, ограничение рациона питания. Отмечается анемия (снижение гемоглобина и ферритина), несмотря на проводимую терапию. По состоянию на настоящее время заболевание имеет неясную этиологию и требует дальнейшего углублённого обследования и подбора эффективного лечения. Медико-генетический центр «Геномед» Россия, Москва проведут генетическое исследование, забор биоматериала будет произведен в мае 2026 г. Вы можете помочь Адине, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".