Маржан Беске. Дата анализа: 28 мая 2026 г.

Возраст
8 лет
Город
Шымкент
Диагноз
Генетический анализ
Ориентировочная сумма
237 000 KZT

О ребенке

Обращение:

Құрметті қайырымды жандар! Мен, Асанова Гулзия Алданазаровна, сіздерге ана жүрегінің үміті мен жанайқайын жеткізу үшін хат жолдап отырмын. Біздің отбасымыз үшін ең қымбат жан — баламыз ауыр дертпен күресіп жатыр. Балапанымызға «Иммунодефицит» диагнозы қойылғаннан бері өміріміз түбегейлі өзгерді. Күн сайын аурухана, тексерулер, ем қабылдау — барлығы кішкентай сәбиіміз үшін де, біз үшін де ауыр сынақ болып отыр. Соған қарамастан біз баламыздың болашағы үшін күресуді тоқтатқан жоқпыз. Қазіргі таңда дәрігерлер баланың нақты жағдайын анықтап, әрі қарай дұрыс ем тағайындау үшін шетелдік арнайы генетикалық анализ тапсыру қажет екенін айтуда. Бұл зерттеу баламыздың өмірі мен болашақ емі үшін өте маңызды. Алайда анализдің құны мен оған байланысты шығындар біздің отбасы үшін өте ауыр болып отыр. Осы уақытқа дейін барлық жинаған қаражатымыз ем-домға, дәрі-дәрмекке және тексерулерге жұмсалды. Туыстарымыз бен жақындарымыз қолдау көрсетуде, бірақ қажетті соманы толық жинауға мүмкіндігіміз жетпей отыр. Сондықтан сіздерден шын жүректен көмек сұраймыз. Сіздердің әрбір көмектеріңіз — біздің баламыз үшін үлкен үміт. Кішкентай сәбиіміздің дені сау болып, алаңсыз балалық шақ кешуіне мүмкіндік беруіңізді сұраймыз. Қайырымдылық көмек іздеу мақсатында сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық қорытындылар мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісінде пайдалануға рұқсат беремін. Көрсеткен жанашырлықтарыңыз бен қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Алла разы болсын!

Асанова Гулзия Алданазаровна

История болезни

Маржан страдает тяжёлым заболеванием - иммунодефицитом. С момента постановки диагноза Маржан находится под постоянным медицинским наблюдением, регулярно проходит обследования и получает необходимое лечение. Для уточнения диагноза, определения точного состояния Маржан и подбора дальнейшей эффективной терапии врачи рекомендуют проведение специализированного генетического анализа в Медико-генетическом центре «Геномед» Россия, Москва. Данное исследование имеет важное значение для определения тактики лечения и дальнейшего прогноза состояния ребёнка. Забор биоматериала будет произведен в мае 2026 г. Вы можете помочь Маржан, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".