
Обращение:
Мен Ералханова Сымбат кішкентай қыздың анасымын. Сіздерден қызымның өміріне үміт сыйлайтын генетикалық зерттеу мен еміне көмек сұраймын. Менің қызым Ерғали Назерке Бағдатқызы 12.10.2023ж. Біздің ауыр сынағымыз 2025 жылдың қазан айында басталды. Ол кезде балам небәрі екі жаста еді. Еш жері ауырмағандай көрінгенмен, аяқ-қолында көгерулер пайда болып, әлсізденіп мұрнынан қан кетіп тоқтамай бастады. Қан талдауы тапсырылған кезде гемоглобині мен тромбоциттері өте төмен болып шықты. Кейін көптеген тексерулерден соң дәрігерлер апластикалық анемия диагнозын қойды. Сол күннен бастап біздің өміріміз мүлде өзгерді. Аурухана мен үйдің арасында жүрміз. Қызымыз бірнеше рет ауруханаға жатты, қан мен тромбоцит масса құйылды, көптеген талдаулардан өтті. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр. Циклоспорин мен элтромбопаг басқа да қажетті дәрілерді қабылдап келеді. Өкінішке қарай, бұл зерттеу өте қымбат. Біз қарапайым отбасымыз, көп балалы анамын. Баламыздың еміне, жол шығындарына, дәрі-дәрмекке бар қаражатымызды жұмсадық. Бірақ шетелдегі генетикалық зерттеудің ақысын төлеуге шамамыз келмейді. Әр күн сайын қызымыздың қан көрсеткіштерін уайымдап күтеміз. Оның аман-есен өсіп, басқа балалар сияқты алаңсыз ойнап, бақытты өмір сүргенін қалаймыз. Біз үшін одан қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан Сіздерден баламыздың өміріне үміт сыйлайтын генетикалық зерттеулер мен әрі қарайғы еміне қолдау көрсетулеріңізді шын жүректен өтінемін. Қайырымдылық көмек іздеу үшін, мен Сіздерге жіберілген кез-келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін.
Ералханова Сымбат
Назерке страдает тяжелым заболеванием крови - апластической анемией. Первые симптомы появились в октябре 2025 года: у Назерке возникли множественные синяки, выраженная слабость и длительные носовые кровотечения. При обследовании были выявлены критически низкие показатели гемоглобина и тромбоцитов, после чего диагноз был подтвержден. Девочка неоднократно проходила стационарное лечение, ей проводились переливания крови и тромбоцитарной массы. В настоящее время Назерке находится под наблюдением врачей, получает терапию циклоспорином, элтромбопагом и другими необходимыми препаратами. Для уточнения причины заболевания и определения дальнейшей тактики лечения врачами рекомендовано проведение генетического исследования в Медико-генетическом центре «Геномед» Россия, Москва, оплатить которое семья самостоятельно не имеет возможности. Забор биоматериала будет произведен в августе 2026 г. Вы можете помочь Назерке, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".