
Обращение:
Мен, Камаладинова Марина, үш баланың анасымын. Балам Камаладин Қайсар 05.08.2026 жылы дүниеге келді. Диагнозы: OU – торқабықтың толық ажырауы, шала туған нәрестелер ретинопатиясының V сатысы. Шетелде емделу ақысын төлеуге көмек көрсетуіңізді сұраймын. Мен жүктілік кезінде ісіну мен қан қысымының жоғарылауына байланысты жүктіліктің 28,2 аптасында босандым. Балам 997 грамм салмақпен, бойы 35 см болып дүниеге келді. Балам 5 тамыздан 21 тамызға дейін кувезде, СИПАП аппаратында оттегімен жатты. 21 тамыздан 25 тамызға дейін оттегі маскасында болды. 25 тамызда оттегі беруден толық ажыратылды. 22, 23, 26 және 28 қыркүйек күндері Беккулиева Айгүл Кенжехановнаның бақылауында болды. Көз хирургі: Беккулиева Айгүл Кенжехановна. Анестезиолог: Рустемов Мұрат Рахымжанович. Неонатология бөлімінде лазерлік операцияға дайындау үшін баламның көзіне укол салды. 22 қыркүйекте агрессивті ретинопатияның III сатысы деп белгіледі. Алматы қаласына лазерлік операция жасау үшін жолдама берді. 30 қыркүйек күні Алматыға бардық. Сол күні Смагулова Сабина Асылбековна лазерлік операция жасады. Дәрігер екінші операция қажет екенін ескертті. 6 қараша күні Алматыға консультацияға бардық. Екатеринбургтен келген хирург Карякин Михаил Александрович тексергеннен кейін шұғыл түрде операция жасау қажет екенін айтты. Екатеринбург қаласындағы «Бонум» клиникасына шақырды. Операцияны тез арада жасау керектігін ескертті. Сол себепті операция жасау үшін қаражат жинауға көмектесуіңізді өтінемін. Емделу үшін көзге тамызатын «Медримакс», «Тобрадекс», «Дексатабром» дәрілерін алдық. Үш түрлі көз тамшысына жалпы 10 мың теңге жұмсалды. Баламның денсаулығы үшін «Биогая», «Аквадетрим», D3 дәрумені, «Аевит» сатып алдық. Оларға 20 мың теңге кетті. Қазіргі уақытта мен жұмыссызбын, бала күтімімен үйде отырмын. Жалғызбасты анамын. Баламды емдеуге қаражатым жеткіліксіз болғандықтан, сіздерден көмек сұраймын. Қайырымдылық көмегін іздестіру мақсатында сіздерге жіберілген кез келген құжатты, оның ішінде медициналық үзінді көшірмелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте пайдалануға рұқсат беремін.
Құрметпен, Камаладинова Марина Балтабекқызы.
Қайсар родился преждевременно на сроке 28,2 недели беременности с весом 997 граммов и ростом 35 см. После рождения находился в кувезе, получал кислородную поддержку, в том числе через аппарат СИПАП. 22 сентября 2026 года у Қайсара была выявлена агрессивная ретинопатия недоношенных III стадии. Для проведения лазерного лечения Қайсар был направлен в Алматы. 30 сентября 2026 г. была проведена лазерная операция. По результатам осмотра была отмечена необходимость повторного хирургического вмешательства. 6 ноября 2026 года во время повторной консультации Қайсара осмотрел хирург из Екатеринбурга Карякин Михаил Александрович. По результатам обследования врач рекомендовал срочное оперативное лечение в Многопрофильном клиническом медицинском центре «Бонум» Россия, Екатеринбург. В настоящее время у Қайсара диагностированы: OU — тотальная отслойка сетчатки, ретинопатия недоношенных V стадии. Қайсару необходимо срочное хирургическое лечение за рубежом. Мама Кайсара воспитывает троих детей одна, не работает и находится дома по уходу за ребенком. В связи с тяжелым материальным положением семья не имеет возможности самостоятельно оплатить необходимую операцию и обращается за благотворительной помощью. Точная дата госпитализации будет известна позже. Вы можете помочь Қайсару, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".