Обращение:
Біз, Жамал Рауан Нұрболатұлы (07.10.2022 ж.), “Стеноз гортани созылмалы каннула тасмалдаушы” диагнозы қойылған баланың ата-анасы, сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Жамал Рауан Нұрболатұлы 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап дене қызуы көтеріліп, денесінде қызыл бөртпелер көріне бастады. Жергілікті амбулаторияға апарып көріндік, сол кезде үй жағдайында емделуге кеңес берді. Үй жағдайында “Ибуфен Д”, “Парацетамол” свечасы, анальгин-демидрол уколы және т.б. дәрілік препараттарды 1 апта көлемінде қолдандық. 18.11.2023 жылы 20:00 шамасында дене қызуы 40 градустан төмен түспегендіктен “Жедел жәрдеммен” аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткіздік. Жансақтау бөлімінде “ИВЕЛ” аппаратында 6 күн жатты. Дәрігерлердің нұсқауы бойынша бала “ИВЕЛ” аппаратында 2 күннен артық жатуға болмайтынын ескертті, алайда баланың денсаулығы нашар болғандықтан 6 күн жатқызды. Содан соң тамақта ет өсінділері пайда болып, тыныс алуы қиындап, 20 күн жансақтау бөлімінде жатты. Жансақтау бөлімінен шығарда “ТАМАК СТЕНОЗЫ” диагнозы қойылды.
Өзіміздің аудандық ауруханадан жақсы нәтиже болмағандықтан, ҚР азаматының паспортын жедел түрінде дайындап, 15.01.2024 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласындағы “САНПИ” балалар ауруханасына барып тексеруден өттік. Нәтижесінде 2-3 дәрежелі ауа жетіспеушілік деп балаға “Трахеостомический трубка” орнатып берді. Қойылған трубканың көмегімен тыныс алуы сәл жеңілдеді. Арадан 2 ай өткен соң Ташкентте трубканы алдырдық, нәтижесінде тыныс алуы өзгеріссіз болғандықтан, “Трахеостомический трубкасын” қайта қойдырдық. Арада Ташкент қаласында жоғарыда аталған клиникаға барып, ет өсінділерін “бужирование” жасатып тұрдық. Дәрігерлер “Трахеостомический трубкасын” 1 жыл көлемінде тұру керектігін айтты. Біз баланың жаны қиналғанын көріп, ем іздеп, Астана қаласына 25.07.2024 жылы “Ана мен бала” орталығына жүгіндік, онда дәрігерлер “Стеноз гортани созылмалы каннула тасмалдаушы” диагнозын қойып, бужирование жасап берді. Содан, 28.10.2024 жылы Астана қаласына қайта тексертуге бардық, нәтижесінде еңештегі “Трахеостомический трубканы” алды, бірақ 3 күнде тыныс алу нашарлағандықтан, қайта ота жасап, трубканы қайта қойып берді. Дәрігерлер біздің елдің медицинасы бұл диагноз түріне қауқарсыз екенін айтып, шет елде ем алудан басқа жол жоқ екенін жеткізді. Қазіргі таңда қойылған трубканың жанын байлап жүрудеміз.
Біз жұбайым екеуміз мемлекеттік банктерден өз есебімізден 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңгеге жуық несие алып жұмсадық. Отбасымызда 7 жанбыз. Мен өзім су шаруашылығында техник болып жұмыс жасаймын, жұбайым мұғалім. Айлық қаражатымыз несие төлеуге, азық-түлік, коммуналдық шығындар мен ұл-қыздарымыздың киім-кешегінен артылмай тұр. Сол себепті қазіргі кезде күрделі ота жасатуға қаражат болмағандықтан, “ДОМ” қорына жүгініп отырмыз.
“Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәліметтер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін.”
Ибраймов Нурболат Жамалович
В ноябре 2023 года у Рауана поднялась температура, появились красные высыпания. После осмотра в больнице, было назначено лечение в домашних условиях. Лечение не давало результат и поэтому спустя неделю с момента заболевания, Рауан был доставлен на скорой помощи в реанимацию. Он был подключен к аппарату ИВЛ. Борьба за возможность полноценно дышать до сих пор продолжается! Рауану рекомендована операция в рамках предстоящего мастер-класса. В период с 3 по 7 февраля 2025 г. на территории ННЦМД г. Астана будет проведен мастер-класс на тему: "Современные подходы к лечению рубцовых стенозов гортани у детей", оперирующий доктор - Пряников Павел Дмитриевич. Вы можете помочь Рауану, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".