Аружан Совет. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 27 января 2026 г.

Возраст
16 лет
Город
Балдысу. Туркестанская область
Диагноз
Стеноз гортани. Парез гортани
Ориентировочная сумма
1 690 000 KZT

О ребенке

Обращение:

Біз, Совет Аружан Әбдірахманқызы 12.07.2009 жылы туылған, ІІІ топ мүгедектігі бар, стеноз гортани.парез гортани диагнозымен тіркеуде тұратын қызымызға,  әкесі Өксікбаев Әбдірахман Советұлы, анасы Баиболова Жанар Серікқызы сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Анасының айтуынша, 2018 жылғы 13 шілдеде бала жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Сол күні өздері тұрғылықты жердегі ауруханаға (ШГБСНП) жүгінген. Бала реанимация бөліміне жатқызылып, нейрохирургтің кеңесімен сол жақтан бас сүйек трепанациясы жасалып, жедел субдуралды гидрома алынған. 2018 жылғы 17 шілдеде бала ОДБ-ға ауыстырылып, ИВЛ аппаратына қосылған, 15 күн комада болған. ОДАРИТ бөлімінде трахеостома қойылған. 2018 жылғы 10 қыркүйекте ауруханадан шығарылып, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында тексеріліп, ем қабылдау ұсынылған. Ол жерде 5 рет ем қабылдаған, соңғы рет 2019 жылғы сәуірде түтік ауыстырылған. 2019 жылғы қазанда «ННЦПД» клиникалық филиалында тікелей диагностика және баллонды дилатация жасалған, III–IV дәрежелі стеноз анықталған. 2020 жылғы қазанда сол мекемеде стационарлық ем қабылдаған, 2020 жылғы 5 қазанда профессор Разумовский А.Ю. қатысуымен ларингопластика жасалып, Т-түтік орнатылған. 2021 жылғы наурызда тікелей ларингоскопия, баллонды дилатация және СО2 лазермен грануляцияны буландыру операциясы жасалған. 2021 жылғы маусымда Т-түтікті алып, баллонды дилатация және грануляцияны лазермен жою операциясы жасалған. 2021 жылғы шілдеде Т-түтік пен қабырға шеміршегін ларинготрахеялық қосылыс артқы қабырғасына орнату операциясы жасалған. 2021 жылғы 19 қыркүйекте Т-түтік қақырық пен қабыршақтармен бітеліп, гипоксия белгілері пайда болған, тыныс алу қиындаған. Ата-анасы түтікті өздері алып, трахеостомиялық түтік орнатқан. Қыркүйекте «ННЦПД» клиникасында шұғыл көрсеткіштермен ем қабылдаған, 2021 жылғы 24 қыркүйекте жалпы анестезиямен тікелей ларингоскопия, буждау және Т-түтік орнату операциясы жасалған. 2021 жылғы 18 қарашада профессор Разумовский А.А. қатысуымен Т-түтікті ауыстыру операциясы жасалған. 2022 жылғы наурызда стационарлық ем қабылдаған, 2022 жылғы 3 наурызда жалпы анестезиямен тікелей ларингоскопия, буждау және Т-түтікті ауыстыру операциясы жасалған. 2022 жылғы 9 маусымда Т-түтікті алып, трахеостомиялық түтікпен ауыстыру және буждау операциясы жасалған. 2024 жылғы наурыз–сәуір және қараша айларында стационарлық ем қабылдаған. Соңғы рет 2025 жылғы маусымда «UMC» клиникасында емделген. 2025 жылғы 5 маусымда жалпы анестезиямен тікелей ларингоскопия, буждау және Т-түтікті ауыстыру операциясы жасалған. Әкесі Өксікбаев Әбдірахман жұмыссыз, тұрақты жұмысы жоқ. Анасы Баиболова Жанар жұмыссыз. Айна көп балалыларға арналған жәрдем ақы және осы қызға мүгедектікке берілетін ақша түседі. Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін.

Баиболова Жанар Серікқызы

История болезни

У Аружан инвалидность III группы. После тяжёлого дорожно-транспортного происшествия в 2018 году девочка перенесла черепно-мозговую травму, длительную кому, искусственную вентиляцию лёгких и трахеостомию. В дальнейшем у неё развились тяжёлые осложнения — стеноз и парез гортани, приведшие к хроническому нарушению дыхания. С 2018 года Аружан перенесла многочисленные высокотехнологичные операции: ларингопластики, баллонные дилатации, установку и замену Т-трубок, экстренные вмешательства при угрозе удушья. Несмотря на проведённое лечение, заболевание сохраняется и требует дальнейшего специализированного лечения, которое может дать шанс на улучшение дыхательной функции и качества жизни. В период с 26 по 29 января 2026 г. на территории ННЦМД г. Астана будет проведен мастер-класс на тему: "Современные подходы к лечению рубцовых стенозов гортани у детей", оперирующий доктор - заведующий отделением отоларингологии РДКБ Пряников Павел Дмитриевич. Семья находится в крайне тяжёлом материальном положении: оба родителя без постоянной работы, единственный доход — социальные пособия. Самостоятельно оплатить зарубежное лечение они не в состоянии. Просим всех неравнодушных откликнуться и помочь Аружан получить жизненно необходимое операцию. Вы можете помочь Аружан совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".