Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Как предотвратить слепоту у недоношенных детей: звёзды мировой офтальмологии встретились в Алматы

22-23 сентября в Алматы на конференции собрались десятки хирургов, а также специалистов-офтальмологов из разных стран. Они представили друг другу новейшие разработки в лечении редкого диагноза, вызывающего слепоту у детей, рождённых раньше срока. Можно ли без последствий выявить и качественно вылечить ретинопатию у недоношенных, читайте в материале.

Во время «горячих сессий» ведущие врачи из Казахстана, Индии и России поделились своими новейшими разработками - от крошечных видеокамер до специальных мобильных приложений. Эти достижения в РК авторами представлены впервые, однако врачи сотрудничают друг с другом что называется «круглосуточно». Именно так удалось достичь прорыва и прогресса в оперировании столь чувствительных пациентов – младенцев несколько недель от роду.

«Только вдумайтесь – на сегодня в нашей стране каждый год рождается больше 22 тысяч недоношенных деток, из них почти 4 тысячи имеют высокий риск развития слепоты. Казалось бы, как такое возможно? Человек только родился, о какой слепоте может идти речь? Однако назову вам реальные цифры: в Казахстане общее число новорождённых с выявленной ретинопатией в 2022 году составило 1523 детей, офтальмологи провели 597 операций, что на 34% выше показателя 2021 года», - привела актуальную статистику участникам конференции Аружан Саин, основатель общественного фонда «Добровольное общество «Милосердие».

Научно-практическая конференция в Алматы под названием «Традиции и инновации в офтальмологии» стала самым масштабным событием такого характера за всю медицинскую историю современного Казахстана. Приехавший из Индии доктор Ананд Винекар рассказал, что на сегодняшний день в его стране есть 3,5 млн недоношенных детей – это первое место в мире по данному показателю.

WhatsApp Image 2023-09-26 at 21.17.05.jpeg

«В Индии число специалистов, способных лечить детей с ретинопатией, близко к количеству, что и в Казахстане. И я точно знаю, что каждые 2-3 часа один младенец нуждается в Индии в операции. И я говорю родителям детей – нельзя откладывать скрининг в долгий ящик! Я впервые начал проводить скрининг 14 лет назад, и я очень рад, что ретинальные камеры для исследования глаза становятся всё более «умнее» своих предшественников. Сегодня мы делимся своими разработками и опытом. С помощью новых технологий теперь медсестра, а не врач может проводить обследование малышей, что экономит ресурсы и драгоценное время», - рассказал доктор Ананд Винекар из Индии.

Индийские врачи привезли в Казахстан авторское устройство, которое позволяет зафиксировать отклонение в зрении у младенцев на ранней стадии. При этом чувствительная камера не такая громоздкая, как у американских коллег, а оказание квалифицированной помощи осуществляется в течение 24-72 часов после постановки диагноза, что является правилом «золотого часа» у офтальмологов по всему миру.

«Под этим медицинским названием для родителей кроется тяжёлое заболевание, характеризующееся недоразвитостью глазного нерва малыша. И здесь время начинает идти на считанные дни! Впервые в этом году в конференции участвуют ведущие специалисты мирового масштаба по ретинопатии – это уникальная возможность для обмена опытом не только научных исследователей, казахстанских врачей-офтальмологов, но и представителей общественных фондов «Милосердие», «Аяла» и всех родителей. Из Алматы все увезут свой уникальный опыт, в этом мы уверены», - подытожила детский хирург-офтальмолог Асель Шарипова, которая активно взаимодействует с зарубежными коллегами в помощи детям в ретинопатией.

WhatsApp Image 2023-09-26 at 21.17.07.jpeg

Сейчас в Казахстане общими усилиями сообщества созданы условия для полной ликвидации слепоты недоношенных новорождённых детей. К слову, от нашей страны в мировом медицинском сообществе по этой теме известна работа кандидата наук Асель Шариповой. Она была представлена на Всемирном конгрессе по ретинопатии в 2022 году, в итоге заняв 3 место из 50 представленных стран.

Генеральный партнер ОФ «ДОМ» – Фонд развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust».

Шала туылған нәрестелердің соқырлығын қалай болдырмауға болады: әлемдік офтальмология жұлдыздары Алматы қаласында кездесті

22-23 қыркүйекте Алматыда өткен конференцияға түрлі елдерден хирургтар және офтальмолог мамандары жиналды. Олар бір-біріне мерзімінен бұрын туылған нәрестелерде соқырлықты тудыратын сирек диагнозды емдеудегі ең жаңа әдістерді ұсынды. Шала туылған нәрестелердегі ретинопатия диагнозын анықтау және сапалы емдеу мүмкін бе, материалдан оқыңыз.

Кездесу барысында Қазақстанның, Үндістанның және Ресейдің жетекші дәрігерлері шағын бейнекамералардан бастап арнайы мобильді қосымшаларға дейінгі өздерінің соңғы әзірлемелерімен бөлісті. Авторлар бұл жетістіктерді Қазақстан Республикасында алғаш рет ұсынды, бірақ дәрігерлер үнемі бір-бірімен ынтымақтаста болған. Осылайша сезімтал науқастарға – бірнеше апталық сәбилерге операция жасауда үлкен прогреске қол жеткізілді.

«Өзіңіз ойлап көріңізші, бүгінгі күнде елімізде жыл сайын 22 мыңнан астам шала туылған нәресте дүниеге келеді, оның 4 мың жуығында соқырлықтың даму қаупі жоғары. Бұл қалай болуы мүмкін? Адам енді ғана дүниеге келді, қандай соқырлық туралы айтуға болады? Дегенмен сіздерге нақты сандарды айтайын: Қазақстанда 2022 жылы ретинопатия диагнозымен жаңа туған нәрестелердің жалпы саны 1523 баланы құрады, офтальмологтар 597 ота жасады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34%-ке жоғары», - деп, конференция қатысушыларына «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорының негізін қалаушы Аружан Саин өзекті статистиканы келтірді.

Алматыда өткен «Традиции и инновации в офтальмологии» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы Қазақстанның медицина тарихындағы осындай сипаттағы ең үлкен оқиға болды. Үндістаннан келген доктор Ананд Винекар бүгінгі таңда оның елінде 3,5 миллион шала туылған нәресте бар екенін айтты – бұл осы көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орынды алады.

«Үндістанда ретинопатиямен ауыратын балаларды емдейтін мамандардың саны Қазақстандағыға жуық. Әрбір 2-3 сағат сайын Үндістанда бір сәбиге ота қажет екенін мен нақты білемін. Скринингті кейінге қалдыруға болмайтынын балалардың ата-аналарына үнемі ескертіп отырамын! Скринингті алғаш рет 14 жыл бұрын бастадым, көзді зерттеуге арналған ретинальды камералары бұрынғыларға қарағанда жылдан жылға жетілдіріліп жатқанына мен өте қуаныштымын. Бүгін біз әдістеріміз және тәжірибемізбен бөлісіп отырмыз. Жаңа технологиялардың көмегімен қазір дәрігер емес, медбике сәбилерді тексере алады, бұл жағдай ресурстар мен қымбат уақытымызды үнемдейді», - дейді үндістандық доктор Ананд Винекар.

Үнді дәрігерлері Қазақстанға сәбилердің көру қабілетінің ауытқуын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін авторлық құрылғыны әкелді. Бұл сезімтал камера американдық әріптестерінікі сияқты көлемді емес және диагноз қойылғаннан кейін 24-72 сағат ішінде білікті көмек жүзеге асырылады, бұл бүкіл әлемдегі офтальмологтар арасында «алтын сағат» ережесі болып табылады.

«Ата-аналар үшін бұл медициналық атаудың астында нәрестенің көру жүйкесінің дамымауымен сипатталатын ауыр ауру жатыр. Биыл алғаш рет конференцияға ретинопатия бойынша әлемдік ауқымдағы жетекші мамандар қатысуда – бұл ғылыми зерттеушілердің, қазақстандық офтальмологтардың ғана емес, сонымен қатар «Милосердие», «Аяла» қоғамдық қорларының өкілдерінің және барлық ата-аналардың тәжірибе алмасуының бірегей мүмкіндігі. Әркім өзінің ерекше тәжірибесін алып кетеді, біз бұған сенімдіміз», - деп түйіндеді балалар офтальмологы Әсел Шәріпова, ол ретинопатия диагнозымен ауратын балаларға көмектесу үшін шетелдік әріптестерімен белсенді араласуда.

Қазір Қазақстанда қоғамдастықтың ортақ күш-жігерімен шала туылған нәрестелердің соқырлығын толық жою үшін жағдайлар жасалды. Айта кететін болсақ, біздің елімізден әлемдік медициналық қоғамдастықта осы тақырып бойынша ғылым кандидаты Әсел Шәріпованың жұмысы белгілі. Ол 2022 жылы Дүниежүзілік ретинопатия конгресінде ұсынылды, нәтижесінде 50 елдің ішінен 3-ші орын алды.

«ДОМ» қоғамдық қорының бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.