Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Лондонский хирург-уролог прооперировал 9 детей из Казахстана с редкими патологиями мочеполовой системы

В Алматы с 11 по 14 декабря прошел мастер-класс известного в мире хирурга-уролога Имрана Муштака. В насыщенную программу вошли консультации лондонского доктора для пациентов с редкими патологиями, а также хирургические операции, которые Имран Муштак провел совместно с казахстанскими коллегами.

Хирургические операции на мочеполовой системе детей считаются уникальными и сложными во всем мире. В Алматы они были проведены на базе Центра детской неотложной медицинской помощи, где имеется полное оснащение и медицинский состав. На лечение пригласили детей с различными врожденными патологиями мочеполовой системы, самому маленькому пациенту исполнилось 2,5 года, старшему - 16 лет.

«Синдром гипоспадия (порок развития мочеполовой системы – авт.), наблюдаемый у наших юных пациентов, встречается довольно часто, в его лечении допустима только хирургическая коррекция. Если не сделать операцию в раннем возрасте, ребенку будет очень сложно в период взросления, это создает неудобства при мочеиспускании, подросткам с таким диагнозам сложно вступать во взрослую жизнь. Данные виды операций направлены не на одномоментный результат, они создают условия для комфортной социализации ребенка, это влияет на будущее человека», - отметил доктор Имран Муштак.

IMG_6018hhgg.jpg

Профессор стоял у истоков инвазивной урологической хирургии в Лондоне, в настоящее время Имран Муштак считается одним из ведущих лапароскопических хирургов Великобритании. Детей с диагнозом гипоспадия решили прооперировать в Казахстане, проведя одновременно международный мастер-класс. Ассистентами профессора Имрана Муштака стали детские хирурги из Астаны, Алматы, Караганды, Павлодара, Талдыкоргана, а также врач из Монголии.

«В Центре детской неотложной медицинской помощи Алматы прекрасное отделение урологии, высокопрофессиональные врачи, нашей задачей было привезти в Казахстан медицинские технологии. Проект «Подари детям жизнь» оказывает помощь детям, диагнозы которых не лечатся в Казахстане. Мы в последние годы при поддержке генерального партнёра - Фонда развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust» направляем ресурсы на то, чтобы проводить эти операции с участием иностранных специалистов и наших казахстанских врачей именно в наших казахстанских больницах. Это позволяет нам не только осуществить трансфер медицинских технологий и обменяться драгоценным опытом, но и помочь детям. Ведь когда наш ребенок едет в зарубежную клинику, мы оплачиваем пребывание, операцию, реанимацию, лекарства и все остальные медуслуги. Но когда мы проводим совместные операции здесь, дети госпитализируются в наши клиники в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, это значительно удешевляет стоимость лечения», - рассказала директор общественного фонда «Добровольное Общество «Милосердие» Аружан Саин.

IMG_6022jhghj.jpg

Все дети уже переведены в палату, их состояние оценивается как стабильное.

«Во время операции мы использовали метод пластической коррекции, проведя пересадку кожи: лоскуты берутся из-за уха, на их основе создается анатомически правильная форма мочеиспускательного канала у мальчиков. Мы отобрали именно те случаи, которые не оперируются ни в одной отечественной клинике, приглашены дети из разных регионов Казахстана. Дети остаются в нашем Центре под наблюдением наших специалистов, в данном случае важен послеоперационных уход за пациентом, первичная реабилитация и динамическое наблюдение. Мы будем этим заниматься в ближайшее время», - заключил заведующий отделением урологии Центра детской неотложной медицинской помощи Алматы Азамат Раев.

Начиная с декабря 2018 года, это уже 37-й по счету мастер-класс, организованный общественным фондом «ДОМ» в рамках постоянной акции «Подари детям жизнь». Вы также можете помочь детям с редкими диагнозами, нуждающимися в срочном лечении, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz.

Лондондық хирург-уролог сирек кездесетін несеп жыныс жүйесінің патологиясына шалдыққан қазақстандық 9 балаға ота жасады

11-14 желтоқсан аралығында Алматыда әлемге әйгілі хирург- уролог Имран Муштактың шеберлік сабағы өтті. Бағдарлама аясында лондондық дәрігер сирек патологиясы бар науқастарға кеңес беріп, қазақстандық әріптестерімен бірге хирургиялық операциялар өткізді.

Балалардың несеп жыныс жүйесіне ота жасау бүкіл әлемде бірегей және күрделі болып саналады. Алматыда хирургиялық әрекеттер толық медициналық құрам және құрал-жабдықпен қамтылған Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында жүргізілді. Емге несеп-жыныс жүйесінің әртүрлі туа біткен патологиясына шалдыққан балалар шақырылды, олардың ең кішісі 2,5 жаста болса, ең үлкені 16-да.

«Гипоспадия синдромы(несеп-жыныс жүйесінің даму ақауы – автор) жас пациенттерде жиі кездеседі және оны емдеуде тек хирургиялық түзету ғана қолайлы. Егер операцияны кішкентай кезінде жасамаса, балаға есейгенде өте қиын болады. Себебі бұл зәр шығару кезінде қолайсыздық тудырады, мұндай диагнозы бар жасөспірімдердің ересек өмірге келуі қиын. Бұл операциялар бірден нәтиже бермесе де, баланың жайлы әлеуметтенуіне жағдай жасайды, яғни адамның болашағына тікелей әсер етеді», - деп атап өтті доктор Имран Муштак.

Профессор Имран Муштак Лондонда инвазивті урологиялық хирургияны алғаш жасағандардың және бүгінгі күні Ұлыбританиядағы жетекші лапароскопиялық хирургтардың бірі болып саналады. Халықаралық шеберлік сабағын өткізе отырып, Қазақстанда гипоспадия диагнозы қойылған балаларға ота жасау туралы шешім қабылданды. Имран Муштактың ассистенттерінің қатарына Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған қалаларынан келген балалар хирургтары мен моңғолиялық дәрігер-профессор кірді.

«Алматы қаласындағы Балалар жедел медициналық жәрдем орталығының урология бөлімінде жоғары кәсіби дәрігерлер қызмет етеді. Біздің міндетіміз - Қазақстанға медициналық технологияларды алып келу. «Балаларға өмір сыйла» жобасы диагнозы Қазақстанда емделмейтін балаларға көмек көрсетеді. Соңғы жылдары біз бас серіктесіміз «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ресурстарды шетелдік мамандар мен қазақстандық дәрігерлердің қатысуымен операцияларды қазақстандық ауруханаларда жүргізуге бағыттап келеміз. Бұл медициналық технологияларды алып келіп, құнды тәжірибе алмасуға ғана емес, сондай-ақ балаларға көмектесуге де зор мүмкіндік береді. Бала шетелдік емханаға барғанда біз жататын орнын, операциясын, реанимациясын, дәрі-дәрмек және басқа да медициналық қызметтің шығығын төлейміз. Бірлескен операциялар кезінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында балалар біздің емханаларға жатқызылады. Ал бұл емделуге кететін шығынды айтарлықтай төмендетеді», - дейді «Добровольное Общество «Милосердие» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.

Балалар қазірдің өзінде палатаға ауыстырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

«Операция кезінде біз пластикалық түзету әдісін қолданып, теріні айыстырдық: қиқымдар құлақтың артынан алынады, осының негізінде ұлдардың несеп жолында анатомиялық дұрыс пішін жасалады. Біз бірде-бір отандық емханада ота жасалмайтын жағдайларды таңдадық. Сөйтіп Қазақстанның әр өңірінен балалар шақырылды. Балалар біздің Орталықта мамандардың жіті бақылауында. Бұл жағдайда операциядан кейінгі күтім, бастапқы оңалту және бақылау өте маңызды. Біз жақын арада дәл осы жұмыспен айналысамыз», - деп қорытындылады Алматыдағы Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығы урология бөлімінің меңгерушісі Азамат Раев.

2018 жылдың желтоқсанынан санасақ, бұл «ДОМ» қоғамдық қорының «Балаларға өмір сыйла» акциясы аясында ұйымдастырған 37-ші шеберлік сабағы. Сіз де www.detdom.kz сайтында қайырымдылық жасап, шұғыл емге мұқтаж балаларға көмек көрсете аласыз.