Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
22 519 095,00
Помочь

Палец с ноги на руку пересадили 1,5-годовалому мальчику в Алматы

Микрохирург с мировым именем провёл шесть сложных операций казахстанским детям.

В Алматы на базе детской городской клинической больницы №2 провели операции детям с редкими патологиями ног и рук. Ради сложных пациентов в Казахстан прилетел специалист мирового уровня по микрохирургии кистей и стоп, профессор кафедры травматологии и ортопедии РУДН города Москва Игорь Голубев.

В первый день, 28 сентября, состоялась консультация, которую прошли 28 маленьких пациентов. В следующие два дня профессор Игорь Голубев и его казахстанские коллеги-микрохирурги прооперировали шестерых казахстанских детей с врождёнными и приобретёнными пороками верхних и нижних конечностей.

Полуторагодовалый Мубарак дожидался встречи с российским профессором в больнице, предварительно пройдя множество консультаций у других врачей. Бабушка малыша Мира Калибекова рассказывает:

«У моего внука при рождении не было правой кисти, и левая не полностью развита – нет полноценного большого пальчика. Дочь обратилась в общественный фонд «Милосердие», после обследований врачи нам сказали, что можно пересадить палец с ноги на левую руку. Это для того, чтобы он с одной левой кистью мог управляться, держать кружку, полноценно пользоваться левой рукой. В будущем, когда пойдёт в школу, мог держать ручку и писать левой рукой», - говорит бабушка мальчика.

Мубарак родился с аплазией правой кисти и без фаланги первого и второго пальца левой руки. Мальчик ходит, играет, родители заказали ему косметический протез на правую кисть. В развитии малыш ничуть не отстаёт от своих сверстников, все анализы у него в норме. Операция по трансплантации пальца с ноги на руку длилась восемь часов. Мубараку предстоит процесс восстановления, а пока врачи каждые два часа проверяют кровоток в пересаженном пальчике.

«Наш приглашённый профессор Игорь Голубев с коллегами работали три дня, провели мастер-класс, который прослушали более 20 сотрудников детской городской клинической больницы №2 города Алматы. Из всех деток с врождёнными и приобретёнными пороками верхних и нижних конечностей наш консилиум врачей отобрал шестерых пациентов, которым уже оказана помощь. Это было бы невозможно без профессионализма врачей, подобных мастер-классов, а также нашего генерального партнёра - Фонда развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust». В дальнейшем маленький Мубарак и другие пациенты будут под наблюдением врачей, надеемся на их скорейшее восстановление», - говорит директор общественного фонда «Добровольное общество «Милосердие» Аружан Саин.

Начиная с декабря 2018 года, это уже 33-й по счёту мастер-класс, организованный общественным фондом «ДОМ» в рамках постоянной акции «Подари детям жизнь».

«В Казахстане по приглашению фонда «ДОМ» я второй раз, и все операции у меня здесь были разного характера. Разное происхождение – от травм до врождённых аномалий, как отсутствие пальцев. Встречались и комбинации, которые нам удалось откорректировать, восстановить, привести в норму. Была у нас и девочка с редкой болезнью Маделунга с обеих сторон. Попросту говоря, у неё неправильно развивались лучевые кости, делая руки кривыми. Всем этим пациентам проведено хирургическое вмешательство, будем наблюдать за ними», - заключил заведующий отделением микрохирургии и травмы кисти, доктор медицинских наук, профессор кафедры травматологии и ортопедии РУДН города Москва Игорь Голубев.

Вы также можете помочь детям с редкими диагнозами, нуждающимися в срочном лечении, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz.

MyCollages (4).jpg

Алматыда 1,5 жасар баланың аяғынан қолына саусақ ауыстырып салынды

Алматыда әлемге әйгілі микрохирург балаларға алты күрделі операция жасады.

Алматыда No2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында сирек кездесетін аяқ-қол патологиясына шалдыққан балаларға операция жасалды. Күрделі науқастар үшін қол-аяқ микрохирургиясы бойынша әлемдік деңгейдегі маман, Мәскеудегі РУДН университетінің травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубев Қазақстанға ұшып келді.

Бірінші күні, 28-қыркүйекте өткен консультацияға 28кішкентай пациент қатысты. Келесі екі күнде профессор Игорь Голубев қазақстандық әріптестері-микрохирургтармен бірлесіп, аяқ-қолдың туа біткен және жүре пайда болған кемістігі бар алты қазақстандық балаға ота жасады.

Бір жарым жасар Мүбәрәк ресейлік профессормен ауруханада кездесер алдында көптеген дәрігердің кеңесінен өткен. Сәбидің әжесі Мира Қалибекова былай деді:

«Немерем дүниеге келгенде оң жақ білезігі болмады, ал сол жағы толық дамымаған – толыққанды бас бармағы жоқ. Қызым «Милосердие» қоғамдық қорына жүгініп, тиісті тексерулерден кейін дәрігерлер аяғының саусағын сол қолына ауыстыруға болатынын айтты. Осының арқасында ол сол қолымен толыққанды жұмыс істей алады. Болашақта мектепке барғанда қолына қалам алып, сол қолымен жазу да жаза алады».

Мүбәрәк оң жақ білезігінің аплазиясымен және сол қолының бірінші және екінші саусақтарының фалангасы жоқ болып дүниеге келген. Бала жүгіріп ойнай алады, ата-анасы оң қолына косметикалық протез жасатқан. Сәбидің дамуы құрдастарынан еш кем емес, барлық медициналық сынақтары қалыпты жағдайда. Саусақты аяқтан қолға ауыстыру операциясы сегіз сағатқа созылды. Енді Мүбәрәк оңалту процедурасынан өтуі керек, әзірше дәрігерлер әр екі сағат сайын трансплантацияланған саусақтағы қан ағымын тексеруде.

«Шақырылған профессор Игорь Голубев әріптестерімен бірге үш күн қатарынан жұмыс істеп, шеберлік сабағын өткізді, оған Алматыдағы No2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының 20-дан астам қызметкері қатысты. Аяқ-қолдарының туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар барлық баланың ішінен дәрігерлер кеңесі алты науқасты таңдап алды. Қазір оларға тиісті көмек көрсетілді. Жоғары дәрежелі дәрігерлердің, кәсіби шеберлік сабақтарының, сондай-ақ біздің бас серіктесіміз – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының көмегінсіз бұл мүмкін болмас еді. Болашақта кішкентай Мүбәрәк пен басқа да науқас балалар Игорь Олегович пен оның әріптестерінің бақылауында болады, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», - деді «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап, бұл «ДОМ» қоғамдық қорының «Балаларға өмір сыйла» акциясы аясында ұйымдастырған 33-ші шеберлік сабағы.

«Қазақстанға «ДОМ» қорының шақыруымен екінші рет келіп отырмын және мұнда жасаған операцияларымның сипаты әртүрлі. Шығу тегі де әртүрлі - жарақаттардан туа біткен ауытқуларға дейін, мысалы, саусақтардың жоқтығы. Түзетіп, қалпына қойып, қалыпты жағдайға келтіре алған комбинациялар да кездесті. Сирек кездесетін екі жақты Маделунга ауруы бар қыз да болды. Қарапайым тілмен айтқанда, оның білек сүйектері дұрыс дамымай, қолдары қисық болып қалған. Бұл науқастарға хирургиялық әрекет жасалды, енді оларды бақылаймыз», - деп түйіндеді микрохирургия және қол жарақаты кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, Мәскеу РУДН университетінің травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубев.

Сіз де www.detdom.kz сайтында қайырымдылық жасап, шұғыл емді қажет ететін сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларға көмектесе аласыз.