Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Совместные сложнейшие операции казахстанским детям с тяжелыми ожогами и рубцами провели микрохирурги Алматы и Москвы

В Алматы на базе Детской городской клинической больницы №2 проведены операции детям с редкими патологиями ног и рук, ожогами и сложными рубцами. Каждая операция уникальна, учитывая, что все клинические случаи сами по себе редки, считают казахстанские врачи. В работе используются эксклюзивные технологии, которые не встретишь повсеместно в клиниках.

«Совместные операции в рамках мастер-класса проведены нашими казахстанскими врачами и специалистом мирового уровня по микрохирургии кистей и стоп, профессором кафедры травматологии и ортопедии РУДН города Москва Игорем Голубевым. Его приезд организован общественным фондом «ДОМ «Милосердие». Совместно мы прооперировали четырех маленьких пациентов с врожденными и приобретенными пороками верхних и нижних конечностей. В основном это были ожоги и рубцы, мешающие детям качественно жить», - отметил директор ДГКБ №2 города Алматы Марат Рабандияров.

Операции успешно провели под руководством Голубева специалисты ДГКБ №2 - заведующий отделением травматологии и ортопедии Ерлан Садырбалин, детский хирург Улжан Солтанбекова.

WhatsApp Image 2024-04-26 at 12.57.12 (2).jpeg

У четырехлетнего Серика Муслим тяжелые последствия термического ожога. Мама мальчика рассказывает, что дисфункции мешали жить и полноценно развиваться ее сыну, но теперь самое сложное позади и ребенка ждет реабилитация.

«Ребенок несколько лет назад уже был прооперирован вследствие серьезного ожога. Сейчас возникла необходимость пересадки кровоснабжаемого лоскута на сосудистой ножке с подкожно - жировой клетчаткой из лучевой артерии. Результат: полностью закрыт дефект в кисти, полное отведение первого пальца для его полной функции, поверхность которой менее подвержена травматизму,- комментирует врач-травматолог ДГКБ №2 Улжан Солтанбекова.

Диагноз другой маленькой пациентки Айганым Нурбеккызы звучит как: «Последствия термического ожога». Мама девочки рассказывает, что в годовалом возрасте Айганым обожгла кипятком ногу и руку, раны в последствии плохо заживали, на теле образовались рубцы, мешающие сгибательной функции пальчиков ног. У девочки была постожоговая деформация правого коленного сустава, мама пациентки поблагодарила врачей и сказала, что вся семья очень ждала эту операцию, чтобы Айганым могла двигать и разгибать пальцы. Сейчас Айганым подвижна, после операции сразу пошла на восстановление.

Игорь Голубев не в первый раз приезжает с мастер-классом в Алматы. Он с удовольствием аккомпанирует казахстанским коллегам-микрохирургам, совместно помогая детям со сложными диагнозами. Профессор кафедры травматологии и ортопедии РУДН рассказывает:

«В этот раз мы занимались ожогами, которые очень сложно лечатся и требуется привнесение тканей из других органов. В частности, вчера мы делали операцию мальчику, у которого были скрючены все пальцы, он схватился за горячую печку и получил контактный ожог. Мы используем эксклюзивные технологии, которые не встретишь повсеместно в клиниках. В работе с детьми и чувствительными тканями каждый миллиметр играет роль, каждая операция уникальна, учитывая, что все наши клинические случаи сами по себе редки», - заключил заведующий отделением микрохирургии и травмы кисти, доктор медицинских наук, профессор кафедры травматологии и ортопедии РУДН города Москва Игорь Голубев.

На данный момент все прооперированные дети чувствуют себя хорошо, всё проходит благополучно. Врачи отметили, что до 7-10 дней будет вестись наблюдение в условиях стационара с дальнейшей выпиской домой.

MyCollages (2).jpg

Алматы және Мәскеу микрохирургтары ауыр күйігі мен тыртығы бар қазақстандық балаларға бірлескен күрделі ота жасады

Алматыда №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында сирек кездесетін аяқ-қол сирек патологиясы, ауыр күйігі мен тыртығы бар балаларға ота жасалды. Әрбір ота ерекше, өйткені барлық клиникалық жағдайдың өзі сирек кездеседі, деп есептейді қазақстандық дәрігерлер. Ота кезінде барлық клиникада кездеспейтін тың технология қолданылады.

«Шеберлік дәрісі аясында бірлескен оталарды қазақстандық дәрігерлер мен аяқ-қол микрохирургиясы бойынша әлемдік деңгейдегі маман, Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубев жасады. Оның елімізге «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Біз бірге туа біткен және жүре пайда болған аяқ-қолында ақауы бар төрт балаға ота жасадық. Бұл негізінен балалардың сапалы өмір сүруіне кедергі келтіретін күйіктер мен тыртықтар болатын», - дейді Алматы қаласының №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.

Бұл оталарды Голубевтің басшылығымен №2 ҚБКА мамандары - Травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин, балалар хирургі Ұлжан Солтанбекова сәтті жүргізді.

Төрт жасар Серік Мүслім термиялық күйіктің ауыр зардап шеккен. Анасы ұлының әрекетсіздігі өмір сүруіне және толық дамуына кедергі келтіретінін айтады, бірақ қазір бар қиындықтан өтті, енді баланы оңалту ғана қалды.

Ауыр күйік салдарын жою үшін балаға бірнеше жыл бұрын ота жасалған болатын. Енді қанмен қамтамасыз етілген тінді аяқтағы күретамырға трансплантациялау қажет болды. Нәтижесі жақсы: білектегі кемістік жойылып, қол емін-еркін қозғалуы үшін көп жарақаттанбаған бас бармақпен жұмыс істедік, - дейді №2 ҚБКА травматолог-дәрігері Ұлжан Солтанбекова.

Тағы бір кішкентай науқас Айғаным Нұрбекқызына «Термиялық күйіктің салдары» деген диагноз қойылған. Анасы бір жасында Айғанымның аяқ-қолы қайнаған суға күйгенін, кейін жаралар толық жазылмай, аяқ бақайының бүгілуіне кедергі келтіретін тыртықтың пайда болғанын айтады. Отадан соң қыздың оң тізесінің буыны бүгілетін болды, науқастың анасы дәрігерлерге алғыс айтып, Айғанымның бақайының қозғалғанын бүкіл отбасы болып күткенін айтады. Қазір Айғаным қозғала алады, отадан кейінгі қалпына келу ем-шарасын қабылдап жатыр.

Шеберлік дәрісін өткізген Игорь Голубевтің бұл Алматыға алғашқы сапары емес. Ол күрделі диагнозы бар балаларды қазақстандық микрохирург әріптестерімен бірге емдейді. Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры былай дейді:

«Бұл жолы емделуі өте қиын және басқа мүшеден тіндерді енгізуді қажетсінетін күйіктің салдарымен жоюмен айналыстық. Атап айтқанда, кеше біз ыстық пешті қолымен ұстап алып, барлық саусағы бырысып күйіп қалған балаға ота жасадық. Біз барлық клиникада кездеспейтін эксклюзивті технология қолданамыз. Балалармен және сезімтал тіндермен жұмыс жасауда әр миллиметр маңызды рөл атқарады, біздегі барлық клиникалық жағдайдың сирек кездесетінін ескерсек, әрбір ота өзінше ерекше», - деп сөзін түйіндеді микрохирургия және қол жарақаты бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубев.

Қазіргі уақытта ота жасалған барлық бала өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлер 7-10 күн бойы стационар жағдайында бақылап, кейін оларды біртіндеп ауруханадан шығаратынын айтады.