Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Алматинские врачи совместно с немецким нейрохирургом провели сложнейшие операции детям с гидроцефалией

В Алматы нейрохирурги Детской городской клинической больницы №2 совместно с немецким профессором Ульрихом-Вильгельмом Томале провели операции детям со сложной формой гидроцефалии. С участием эксперта знаменитой берлинской клиники «Шарите» по новой методике прооперировано восемь детей из разных регионов Казахстана.

«Оперативные вмешательства детям с гидроцефалией проводились в рамках международного мастер-класса, организованного ОФ «Добровольное общество «Милосердие», обществом детских нейрохирургов и нашей клиникой. Фонд спонсировал приезд зарубежного специалиста. В мастер-классе приняли участие 54 врача из разных областей нашей страны, а также Кыргызстана и Таджикистана, что позволило врачам получить новые знания и обменяться опытом. Благодаря пожертвованиям соотечественников, Фонд проводит огромную работу, привлекая зарубежных хирургов в казахстанские клиники. Стоимость такой операции за рубежом стоит больших средств, чем в рамках мастер-классов. Благодаря поддержке Фонда родителям не пришлось тратить средства на выезд за рубеж. Это позволяет оказать помощь большему количеству детей. Операции проведены на новой интравентрикулярной нейроэндоскопической системе. В нашу клинику обращаются родители детишек с диагнозом гидроцефалия со всех регионов Казахстана, у которых есть показания для оперативного лечения», - сообщил в интервью журналистам директор ДГКБ №2 Марат Рабандияров.

WhatsApp Image 2024-02-05 at 16.32.28 (1).jpeg

Как рассказывает заведующий отделением нейрохирургии Данияр Сабденалиев, при гидроцефалии скапливается лишняя спинномозговая жидкость в желудочках внутри головного мозга. При отсутствии своевременной диагностики и квалифицированного лечения больной может умереть. Успех лечения зависит от степени поражения, выраженности процесса, симптоматики и сопутствующих патологий. Заболевание может быть как врожденным, так и приобретенным.

«Операция заключалась во внедрении эндоскопической камеры внутрь желудочка головного мозга для того, чтобы соединить кисты между собой. Это очень сложная операция, предназначенная для улучшения качества жизни пациентов и снижения риска повторных хирургических вмешательств. Учитывая неврологический дефицит и зрительное нарушение у наших пациентов, результаты хирургического вмешательства будут заметные. Однозначно, эта операция помогает нашим деткам», - отметил доктор Сабденалиев.

Раньше такие хирургические вмешательства проводили в 2-3 этапа. Организм ребенка переживал немало стресса. Требовалось долгое восстановление. Теперь, благодаря новой методике, у врачей есть возможность выполнить эту сложнейшую операцию одноэтапно.

Самой маленькой пациентке Нурай три месяца, у малышки приобретенная гидроцефалия, девочка родилась на 28 неделе. После подтверждения диагноза в ноябре 2023 года ей провели экстренную операцию. Сейчас девочку прооперировали в рамках мастер-класса.

WhatsApp Image 2024-02-05 at 16.32.27 (1).jpeg

«Функция головного мозга у дочери сохранена. Просто в желудочек попала вода. Насколько я знаю, ранее детишкам с таким диагнозом приходилось менять шунты каждые пять лет. Для нас хорошая новость, что установленный нам шунт будет служить всю жизнь. Благодаря нашим нейрохирургам и немецкому профессору Томале операция прошла удачно, в пятницу нас уже выписывают», - рассказала мама малышки Толкын.

Госпитализация детей, затраты на лекарства и расходные материалы покрываются из средств ОСМС. Фонд «ДОМ «Милосердие» оплачивает участие зарубежных хирургов, благодаря этому родителям не приходится тратить средства на выезд за рубеж.

Нейрохирурги отмечают, что лучше всего проводить хирургическое вмешательство в раннем возрасте для более быстрого восстановления ребенка. В прошлом году в Детской городской клинической больнице №2 было прооперировано около 200 детей с диагнозом «гидроцефалия головного мозга».

Алматылық дәрігерлер неміс нейрохирургімен бірлесіп гидроцефалия синдромымен ауыратын бірнеше балаға аса күрделі ота жасады

Оңтүстік астанадағы №2 Балалар қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтері неміс елінен келген маманмен бірлесіп гидроцефалияның күрделі түрімен ауыратын балаларға ота жасады. Дәрігерлер жаңа әдісті қолдана отырып, еліміздің түпкір-түпкірінен келген 8 балаға операция жасап шықты.

«Операциялар «Милосердие» қоғамдық қоры ұйымдастырған халықаралық шеберлік класы шеңберінде жасалды. Оған балалар гидрофецалиясы мәселесімен айналысатын германиялық профессор Ульрих-Вильгельм Томале қатысты. Шеберлік класына республиканың өзге өңірлерінен, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген 54 дәрігер қатысты. Олар шеберлік класы барысында шетелдерде өте қымбат тұратын операцияға қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Оталардың бәрі де жаңа интравентрикулярлы нейроэндоскопиялық жүйе негізінде жасалды», - деді №2 БҚКА директоры Марат Рабандияров журналистерге.

Аурухананың нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Данияр Сабденәлиевтің айтуынша, аталған синдромға шалдыққан балалардың миына сұйықтық жиналады. Дер кезінде диагноз қойып, ем-дом қабылдамаса науқастың өміріне қауіп төнеді. Ем-домның табысты болуы гидроцефалияның миды зақымдау деңгейіне, ауру белгілеріне, ауру салдарынан пайда болған ақауларға байланысты. Кейбір балалар анасынан осы синдроммен туылса, енді біреулердің миында су жүре келе пайда болады.

«Операция барысында эндоскопиялық камераны мидың қарыншаларына енгізіп, кисталарды бір-біріне қостық. Оның қиындығы да осында. Ота алдағы уақытта мұндай хирургиялық араласуды болдырмауға және пациенттің қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі манипуляциялардың балаларға көмектесері сөзсіз. Әсіресе, неврологиялық ауытқулар пайда болған және көру қабілеті нашарлаған науқастар операция нәтижесін бірден сезе бастауы тиіс», - деді Данияр Сабденәлиев.

Бұрын мұндай хирургиялық операциялар 2-3 кезеңмен жасалатын. Салдарынан балалар ота мен наркоз салдарынан көп қиналып, өз-өзіне келуіне көп уақыт қажет болатын. Жаңа тәсілдің арқасында аса күрделі отаны бір уақытта жасауға мүмкіндік туып отыр.

Мәселен, кішкентай Нұрай Бағдаулеттің дүние есігін ашқанына 3-ақ ай болыпты. Гидроцефалия синдромына іште жатқанда шалдыққан сәби жүктіліктің 28-ші аптасында туылған. Диагноз қойылғаннан кейін өткен жылы қараша айында оған бірден ота жасалды. Қазір шеберлік класы барысында тағы да ем алды.

«Сәбидің миы дін-аман. Сұйықтық тек ми қарыншасына түскен. Менің білуімше, бұрын баланың басына қойылатын шунтты әр 5 жыл сайын ауыстыру қажет болатын. Бүгін қойған шунттың өмір бойы тұратынын естіп қуанып қалдым. Біздің нейрохирургтарымыз бен неміс елінен келген маманның арқасында операция сәтті өтті. Бұйырса, жұма күні ауруханадан шығамыз», - дейді анасы Толқын Талдыбаева.

Балаларды ауруханада емдеуге, дәрі-дәрмекке, операцияға қажетті материалдар құны МӘМС қаражаты есебінен төленді. «Милосердие» қоры шетелден дәрігер шақырып, шеберлік класын ұйымдастырды. Соның арқасында ата-аналар баласын шетелге апарып емдету машақатынан құтылды. Дәрігерлердің айтуынша, басына ота жасалған балалардың бәрінен де жақсы нәтиже көруге болады. Жалпы, тез қалпына келу үшін мұндай операцияларды мейлінше ерте, бала кішкентай кезінде жасаған дұрыс. Өткен жылы №2 ауруханада «ми гидроцефалиясы» диагнозы қойылған 200-ге жуық балаға осындай операция жасалған.