Нұрбақытқа сіздің көмегіңіз қажет
Нұрбақыт небәрі 4 айлық. Бірақ оның өмір жолы үлкен сынақтармен басталды.
Ол жүктіліктің 30-аптасында шала дүниеге келді. Туғаннан кейін бірден жансақтау бөліміне түсіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Кейін дәрігерлер оның сүйек тінінің ауыр генетикалық ауруы - жетілмеген остеогенезге күмәнданды.
Ең алаңдатарлығы - Нұрбақыттың иық сүйектері ешқандай жарақатсыз бірнеше рет сынған.
Бүгінде нақты диагноз қою үшін арнайы генетикалық зерттеу қажет. Өкінішке қарай, бұл талдау Қазақстанда жасалмайды және шетелдік зертханада жүргізіледі.
Бұл зерттеу дәрігерлерге дұрыс диагноз қойып, Нұрбақытқа қажетті ем тағайындауға мүмкіндік береді.
Кішкентай Нұрбақыт барлық қиындықтарға қарамастан өмірге құштар. Оның әрбір күлкісі - үміттің белгісі.
Отбасы көпбалалы. Әкесі - жалғыз асыраушы. Бүгін олар ұлдарының сауығып кетуі үшін бар үмітін қайырымды жандарға артып отыр.
Нұрбақытқа көмектесейік.
Әрбір аударым – оның денсаулығына жасалған маңызды қадам.
