Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
3 805 422,00
Помочь

«Пальчик-сердце»: уникальную микрохирургическую операцию по пересадке аномального пальца провели мальчику врачи в Алматы

В Алматы в рамках мастер-класса фонда «Милосердие» казахстанские и российские хирурги совместно прооперировали восьмилетнего мальчика с аномалией пальца правой руки. У восьмилетнего Нурсата с рождения диагноз «полидактилия пальца правой кисти второго типа». Если детей с «многопалостью» или лишними пальцами обычно оперируют в младенчестве, то Нурсат - исключение, так как родители не решались удалять лишнюю ногтевую фалангу у сына.

Мама Нурсата рассказала, что на операцию они приехали из города Шымкент, преодолев страх и сотни километров. По ее словам, они давно планировали эту операцию, но не решались, и вот, благодаря фонду «Милосердие», генеральному партнеру «Samruk-Kazyna Trust», администрации и врачам ДГКБ № 2, а также российским специалистам, мечта на полноценную жизнь ребенка стала возможной. Мама мальчика так же поделилась, что с самого рождения они предавали уверенности сыну, что он - особенный. Родные называли этот пальчик сердечком, так как он имел такую форму. Но в последнее время Нурсат стал замечать, что сверстники обращают внимание на эту особенность, и ребенку это приносило дискомфорт.

«Пациенту восемь лет, у него была аномалия - полидактилия, которая чаще всего оперируется в младенческом возрасте, обычно до двух лет. Возраст Нурсата для операции - редкость, вероятно, родители долго колебались, боясь последствий. В данном случае у мальчика редкое состояние - второй тип по Wassel, когда удвоена дистальная фаланга. Совместно с моими коллегами, врачами Детской городской клинической больницы №2 города Алматы и ведущими специалистами Клиники высоких медицинских технологий имени Пирогова, Санкт-Петербург, мы успешно провели сложную реконструктивную операцию с использованием клиновидной коррегирующей остеотомии и микроскопической техники с пересадкой сухожилий сгибателей и разгибателей пальца, боковой связки сустава. Сейчас мальчик чувствует себя отлично», - рассказала врач травматолог-ортопед ДКГБ № 2 г. Алматы Улжан Солтанбекова.

Успешные хирургические вмешательства для казахстанских детей с редкими патологиями были проведены в рамках международного мастер-класса «Микрохирургические операции при врожденных и приобретенных пороках верхних и нижних конечностей», который прошел накануне в ДГКБ №2 Алматы. Всего помощь оказали шестерым казахстанским детям.

Российский хирург, известный во всем мире своими достижениями в области микрохирургии Владимир Заварухин отметил, что современные медицинские знания настолько велики, и освоить все аспекты самостоятельно практически невозможно.

«Хирургия – это наука мелочей, где недостаточно только лишь прочитать о методах, нужно увидеть все детали на практике. Сотрудничество между нашими странами имеет огромные перспективы, и я уверен, что оно должно продолжаться на постоянной основе. Вот и сегодняшний клинический случай с мальчиком Нурсатом - операция по имплантации пальца потребовала от нас работы под микроскопом и ювелирного сшивания мельчайших сосудов, сейчас пациент в порядке и сможет продолжить полноценную насыщенную жизнь», - прокомментировал Заварухин.

Врачи отметили, что данная патология не только доставляет эстетический дискомфорт, но и если не проводить хирургическое вмешательство, то впоследствии палец в процессе роста будет деформироваться. Данный мастер-класс помог улучшить жизнь маленьких пациентов, его программа включала обучение современным техникам микрохирургии и анестезии, что повышает качество и безопасность проведения операций в будущем.

WhatsApp Image 2024-08-27 at 14.08.29.jpeg

«Жүрек-саусақ»: Алматы қаласында аномальды саусақты трансплантациялау бойынша дәрігерлер ерекше микрохирургиялық ота жасады

Алматы қаласында «Милосердие» қорының ұйымдастыруымен өткен мастер-классында қазақстандық және ресейлік хирургтар сегіз жасар балаға оң қолындағы саусақ аномалиясына байланысты бірлесіп ота жасады. Сегіз жасар Нурсатта туылғаннан бастап «екінші типтегі полидактилия» диагнозы бар. Әдетте артық саусақтарды немесе көпсаусақтылықты нәресте кезінде алып тастайды, бірақ Нурсаттың жағдайы ерекше – ата-анасы ұлының артық тырнақ фалангісін алып тастауға батылы бармаған.

Нурсаттың анасы Шымкент қаласынан келгендерін, қорқынышты жеңіп, жүздеген шақырым жолды артқа тастағандарын айтты. Оның айтуынша, олар бұл отаны ұзақ уақыттан бері жоспарлап жүрген, бірақ батылдары жетпеген. Енді, «Милосердие» қорының және оның бас серіктес «Samruk-Kazyna Trust» қорының, ДГКБ № 2 әкімшілігі мен дәрігерлерінің, сондай-ақ ресейлік мамандарының көмегімен баласының толыққанды өмір сүруге деген арманы жүзеге асып отыр. Нұрсаттың анасы ұлына дүниеге келген күннен бастап оның ерекше екенін айтып, сенім ұялатуға тырысқандарын бөлісті. Туыстары бұл саусақты "жүрекше" деп атаған, себебі ол жүрек пішініне ұқсас болатын. Алайда соңғы уақытта Нұрсат өзінің қатарластарының бұл ерекшелікке назар аударатынын байқап, бұл жағдай балаға ыңғайсыздық тудыра бастаған.

«Пациент сегіз жаста, оның аномалиясы — полидактилия, әдетте бұл жағдай нәрестелік кезеңде, әдетте екі жасқа дейін ота жасалады. Нурсаттың жасы ота үшін сирек кездесетін жағдай, мүмкін, ата-анасы қорқып, ұзақ уақыт бойы шешім қабылдай алмаған. Бұл жағдайда баланың жағдайы сирек кездесетін - екінші тип бойынша Wassel жіктемесіне сәйкес келеді, мұнда дистальді фаланга қосарланған. Алматы қаласындағы № 2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлерімен және Санкт-Петербургтегі Пирогов атындағы Жоғары медициналық технологиялар клиникасының жетекші мамандарымен бірлесіп, клиновидті түзеткіш остеотомия және микроскопиялық техникамен, сондай-ақ саусақтың бүгу және жазу сіңірлерін, буынның бүйірлік байламын трансплантациялау арқылы күрделі реконструктивті отаны сәтті өткіздік. Қазір бала өзін өте жақсы сезініп жүр», - деп бөлісті Алматы қаласындағы № 2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Улжан Солтанбекова.

Алматы қаласының № 2 балалар қалалық клиникалық ауруханасында өткен «Жоғарғы және төменгі аяқ-қолдардың туа біткен және жүре пайда болған ақауларында микрохирургиялық операциялар» тақырыбындағы халықаралық мастер-класс аясында сирек кездесетін патологиялары бар қазақстандық балаларға сәтті хирургиялық көмек көрсетілді. Барлығы алты қазақстандық балаға көмек көрсетілді.

Ресейдің микрохирургия саласындағы жетістіктерімен әлемге танымал хирургі Владимир Заварухин қазіргі заманғы медициналық білімнің соншалықты терең әрі кең екенін, оны барлық қырынан меңгеру мүмкін емес екенін атап өтті.

«Хирургия — бұл ерекше мән беруді талап ететін ғылым, мұнда әдістерді тек оқып білу жеткіліксіз, барлық қыр-сырын іс жүзінде көру қажет. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық үлкен мүмкіндіктерге ие, және мен оның тұрақты жалғасуы керек екеніне сенемін. Бүгінгі Нұрсат есімді балаға жасалған операция саусақ имплантациясы болды және ол бізден микроскоптың астында ұсақ тамырларды ерекше дәлдікпен тігу жұмысын талап етті. Қазіргі уақытта пациент өзін жақсы сезінуде және толыққанды әрі белсенді өмір сүруін жалғастыра алады», - деп түсіндірді Заварухин.

Дәрігерлер бұл патологияның тек эстетикалық қолайсыздық қана тудырмайтынын, егер хирургиялық араласу жасалмаса, уақыт өте келе саусақтың өсу процесінде деформацияға ұшырайтынын атап өтті. Бұл мастер-класс кішкентай пациенттердің өмірін жақсартуға көмектесті, оның бағдарламасы микрохирургия мен анестезияның заманауи әдістерін үйретуді қамтыды, бұл болашақта операциялардың сапасын арттыруға септігін тигізеді.