Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
8 202 287,00
Помочь

Российские врачи удалили шестой палец на руке у маленькой алматинки

В Казахстан по приглашению фонда «ДОМ «Милосердие» прибыли российские хирурги и анестезиологи клиники высоких медицинских технологий имени Н. И. Пирогова. Здесь высококлассные врачи провели мастер-класс, прооперировав девочку с двумя большими пальцами на руке, мальчика с гигантизмом пальца, а также других казахстанских детей с редкими аномалиями конечностей. Фото и подробности в материале пресс-службы фонда.

Многопалость или сложная форма полидактилии, а именно удвоенный большой палец был у двухлетней девочки Айсулу (имя изменено) с рождения. Это порок развития, который характеризовался шестью пальцами на одной руке у ребенка. Удаление лишнего пальчика – сложный процесс, требующий глубоких знаний эмбриологии верхних конечностей.

WhatsApp Image 2024-01-31 at 12.48.22 (2).jpeg

Операцию провел кандидат медицинских наук клиники Пирогова (Санкт-Петербург) Владимир Заварухин совместно с казахстанскими коллегами.

«Лечение врожденной патологии такого плана требует глубоких знаний биомеханики. Операция является сложной, в дальнейшем при неправильности оперативного лечения это может ухудшить качество жизни маленького пациента, то есть добавить еще большей деформации, ухудшить функциональность пальца. Казахстанские и российские врачи работали сообща, применив в работе уникальную технологию проводниковой анестезии под УЗИ-контролем, что помогает избежать надобность в использовании больших доз наркотических препаратов. Ребенок быстрее просыпается, а побочные реакции от наркоза уменьшаются. Сейчас Айсулу чувствует себя отлично», - рассказала травматолог-ортопед Улжан Солтанбекова.

Операция прошла на базе детской городской клинической больницы №2 города Алматы. Помимо Айсулу хирурги прооперировали еще 4-летнего Нурали, которому был поставлен диагноз «парциальный гигантизм». У мальчика на левой руке с рождения формировалось кистозное образование, доведя средний палец до аномальных размеров.

WhatsApp Image 2024-01-31 at 12.48.23 (1).jpeg

«Ребенок страдает от недуга с рождения, были проведены множественные обследования, подозревали гигантизм третьего пальца, сосудистую мальформацию. Родители обращались во множество больниц, однако врачи не решались браться за этот неоднозначный случай. Благодаря профессионализму врачей, подобным мастер-классам, а также нашему генеральному партнёру – Фонду развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust», у Нурали оперативно выявлена гигантоклеточная опухоль. Она была аккуратно выделена, не задевая важных сосудов и нервов, мальчику проведена кожная пластика его же родными тканями», - рассказала директор общественного фонда «Добровольное общество «Милосердие» Аружан Саин.

WhatsApp Image 2024-01-31 at 12.48.23 (3).jpeg

За пять дней российские хирурги и анестезиологи поделились с казахстанскими коллегами бесценным опытом в лечении и исправлении сложных патологий конечностей. Кроме Айсулу и Нурали были прооперированы дети с другими сложными диагнозами. Начиная с декабря 2018 года, это уже 38-й по счёту мастер-класс, организованный общественным фондом «ДОМ» в рамках постоянной акции «Подари детям жизнь». Если Вы желаете помочь детям с редкими диагнозами, нуждающимися в срочном лечении, пожертвование можно совершить на сайте www.detdom.kz.

Ресейлік дәрігерлер кішкентай алматылық қыздың қолындағы алтыншы саусақты алып тастады

Н.И.Пирогов атындағы жоғары медициналық технологиялар клиникасының хирургтары мен анестезиологтары «ДОМ «Милосердие» қорының шақыруымен Қазақстанға келді. Білікті дәрігерлер екі бармағы бар қыз балаға, саусақ алыптығы бар ұл балаға, сондай-ақ сирек кездесетін аяқ-қол ақауларына шалдыққан басқа да қазақстандық балаларға операция жасап, мастер-класс өткізді. Фотосуреттер мен мәліметтер қор баспасөз қызметінің материалында.

Екі жасар Айсұлу (аты өзгертілді) полидактилияның күрделі түрімен, атап айтқанда қос бармақпен дүниеге келген. Бұл әр қолында алты саусақпен сипатталатын даму ақауы. Артық саусақты алып тастау - қолдардың эмбриологиясын терең білуді талап ететін күрделі процесс.

Операцияны Пирогов атындағы клиниканың (Санкт-Петербург) медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Заварухин қазақстандық әріптестерімен бірге өткізді.

«Мұндай туа біткен патологияның түрі емдеу биомеханикасын терең білуді талап етеді. Операция өте күрделі, хирургиялық әрекет дұрыс жүргізілмеген жағдайда ол кішкентай науқастың өмір сүру сапасын нашарлатуы, яғни одан да үлкен деформация тудырып, саусақтың функционалдығын нашарлатуы әбден мүмкін. Қазақстандық және ресейлік дәрігерлер есірткінің үлкен дозасын қолдану қажеттілігін болдырмауға көмектесетін ультрадыбысты өткізгіш анестезияның бірегей технологиясын қолданып, бірлесе жұмыс істеді. Осыған орай бала тез оянады, анестезиядан пайда болатын жағымсыз реакциялар азаяды. Қазір Айсұлудың жағдайы жақсы», – дейді ортопед-травматолог Ұлжан Солтанбекова.

Операция Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының негізінде жасалды. Хирургтар Айсұлудан басқа парциалды алыптық диагнозы бар 4 жасар Нұрәліге де ота жасады. Баланың сол қолында кисталы түзіліс пайда болып, оның ортаңғы саусағы қалыпсыз мөлшерге жеткенкен.

«Бала бұл дертпен дүниеге келген, бірнеше рет тексеру жүргізіліп, үшінші саусақтың алыптығы және қан тамырларының ақауы деп болжам жасалған. Дертке дауа іздеген ата-ана талай ауруханаға жүгінгенімен дәрігерлер күрделі операцияны жасаудан тартынған.

Кәсіби дәрігерлердің, сондай-ақ осындай мастер-класс өткізуге мүмкіндік берген бас серіктесіміз – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының арқасында Нұрәліге дер кезінде «алып жасушалы ісік» деген диагноз қойылды. Ол маңызды тамырлар мен жүйкелерге зақым келтірмей оқшауланды. Баланың өз ұлпаларын пайдалана отырып, тері ауыстыру операциясы жасалды», - деді «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.

Бес күннің ішінде ресейлік хирургтар мен анестезиологтар қазақстандық әріптестерімен аяқ-қолдың күрделі патологияларын емдеу мен түзетудегі баға жетпес тәжірибелерімен бөлісті. Айсұлу мен Нұрәліден бөлек басқа да күрделі ауруларға шалдыққан балаларға ота жасалды. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап бұл «ДОМ» қоғамдық қорының «Балаларға өмір сыйла» жобасы аясында ұйымдастырған 38-ші шеберлік сабағы.

Егер сіз де сирек диагнозы бар, шұғыл емге мұқтаж балаларға көмектескіңіз келсе, www.detdom.kz сайтына кіріп, қайырымдылық жасай аласыз.