Сложнейшие операции 6 казахстанским детям с аномалиями черепа провели нейрохирурги Алматы и Санкт-Петербурга
Маленькие казахстанцы в возрасте от 5 месяцев до 3 лет со сложным диагнозом «Краниосиностоз» (деформация мозгового отдела черепа), успешно прооперированы врачами Детской городской клинической больницы №2 Алматы и их коллегами из Российского медицинского центра. Это сложнейший вид нейрохирургической операции, требующий ювелирной точности работы и максимальной квалификации врачей.
Данные операции были проведены в рамках уникального мастер-класса, в ходе которого опытные специалисты ДГКБ №2 города Алматы и НМИЦ имени В.А. Алмазова Минздрава России провели обучение своих коллег-нейрохирургов из различных регионов Казахстана.
По словам директора ДГКБ №2 города Алматы Марата Рабандиярова, на базе детской больницы, совместно с Управлением общественного здравоохранения города Алматы и Общественным фондом «Добровольное общество «Милосердие» был проведен трехдневный международный мастер-класс «Современные аспекты хирургии краниосиностозов» в лечении заболеваний врожденных аномалий развития черепа у детей.
Краниосиностоз – это заболевание, основным симптомом которого является деформация мозгового отдела черепа, возникающая вследствие преждевременного зарастания костных швов, что в последующем может привести к грозным осложнениям. При несвоевременной коррекции данной патологии, ребенку грозит выраженный гипертензионный синдром, судорожные припадки, отставание в психическом развитии, патология зрительного нерва, вплоть до потери зрения. Основное лечение – ранняя хирургическая коррекция формы костей черепа. Данная патология встречается у одного ребенка на 2000 детей.
Общественный деятель, основатель и директор фонда «Добровольное общество «Милосердие» Аружан Саин отметила, что проведение подобных мастер-классов вносит значительный вклад в развитие отечественной детской нейрохирургии. В Казахстане при поддержке Фонда развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust» много лет проходят такие активности – в стране сформировалось тесное комьюнити из специалистов, которые регулярно встречаются и помогают детям из отдалённых уголков нашей страны.
"Благодаря обмену опытом с такими высококлассными специалистами мы можем рассчитывать, что операции детям с диагнозом «краниосиностоз» будут проводиться в нашей стране нашими специалистами. Главная цель проекта «Подари детям жизнь» - помочь Казахстану достичь такого уровня развития медицины, который бы позволил эффективно лечить деток в нашей стране с любым диагнозом, не выезжая за рубеж. Данный мастер-класс примечателен мультидисциплинарным подходом к лечению, ведь сегодня кроме нейрохирургов своим опытом с нами делятся анестезиологи и медицинские сестры. Детская анестезиология - важнейшая часть любой хирургической помощи, а операционная медсестра, как говорят хирурги, главный человек в операционной!" - сказала Аружан Саин.
По словам врачей, за последнее время диагностирование краниосиностозов отмечается чаще. Родители этих детей в большинстве случаев обращаются в ДГКБ №2 Алматы, здесь в среднем в месяц при данной патологии проводится около 15 операций.
«Одна из целей данного мастер-класса – это развитие детской нейрохирургии в регионах нашей страны, чтобы наши региональные коллеги данную патологию оперировали самостоятельно. К нам приехали со всех регионов нашей республики и ближнего зарубежья главные детские внештатные нейрохирурги, нейрохирурги, анестезиологи-реаниматологи, операционные медицинские сестры, в общем количестве более 40 человек», - отметил Марат Рабандияров.
Формат данного мероприятия – необычный. Это первый и пока единственный мастер-класс, проводимый в среднеазиатском регионе, включающий дриллинг–курс и «живую» хирургию. В ходе видеоконференции все операции транслировались в зале на led-экране.
«Выбран интересный формат: лекции сопровождаются дриллинг-курсом, то есть заранее были изготовлены модели черепов оперируемых детей с различными формами краниосиностозов. Участники курса имели возможность провести те или иные хирургические манипуляции. Муляжи были изготовлены на 3D-принтере. Затем курс завершился практической онлайн-хирургией, то есть «живой хирургией». Это действительно необычный формат, который я не встречал у нас, в России», - заключил заведующий отделением нейрохирургии для детей Университетской клиники «Национальный медицинский исследовательский центр имени В.А. Алмазова» РФ Александр Ким.
Генеральный партнер ОФ «ДОМ» – Фонд развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust».
Бас сүйегінің ауытқулары бар 6 қазақстандық балаға күрделі операцияларды Алматы мен Санкт-Петербургтің жетекші мамандары бірлесіп жүргізді
Клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 айдан 3 жасқа дейінгі кішкентай қазақстандықтарға-"Краниосиностоз" (бас сүйегінің ми бөлігінің деформациясы) күрделі диагнозы қойылған, Алматы қаласының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері және Ресей медициналық орталығындағы әріптестері көпсалалы түрде сәтті операция жасады. Бұл нейрохирургиялық операцияның ең күрделі түрі, ол жұмыстың дәлдігін және дәрігерлердің жоғары біліктілігін талап етеді.
Бұл операциялар бірегей мастер-класс шеңберінде жүргізілді, оның барысында Алматы қаласының №2 БҚКА және Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің В. А. Алмазов атындағы ҰМЗО тәжірибелі мамандары 3 күн бойы Қазақстанның түрлі өңірлерінен өз әріптестерін оқытуды өткізді.
Алматы қаласының №2 БҚКА директоры Марат Рабандияровтың айтуынша, №2 балалар ауруханасының базасында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және "Мейірімділік "Ерікті ұйымы" Қоғамдық қорымен бірлесіп үш күндік (25.09.2023 және 27.09.2023 аралығында) балалардағы бас сүйегінің дамуындағы туа біткен ауытқуларды емдеудегі "Краниосиностоз хирургиясының заманауи аспектілері" халықаралық мастер-классы өткізілді.
Краниосиностоз дертінің негізгі симптомы-сүйек тігістерінің ерте өсуіне байланысты пайда болатын бас сүйегінің ми бөлігінің деформациясы, бұл кейіннен күрделі асқынуларға әкелуі мүмкін. Бұл патологияны уақытында емдемесе, балаға айқын гипертензия синдромы, ұстамалар, психикалық дамудың артта қалуы, көру нервінің патологиясы, көру қабілетін жоғалту сияқты қауіптер төнеді. Оны емдеудің басты жолы - бас сүйектің пішінін ерте хирургиялық түзету. Бұл патология 2000 баланың біреуінде кездеседі.
Қоғам қайраткері, «Добровольное общество «Милосердие» қорының негізін қалаушы және директоры Аружан Саин мұндай мастер-класстарын өткізуі отандық балалар нейрохирургиясының дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті. Қазақстанда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен мұндай іс-шаралар ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келеді. Елімізде медицина мамандары тығыз байланыста отырып, республикамыздың ең шалғай аудандарының балаларымен үнемі кездесіп, оларға көмек көрсетеді.
«Осындай жоғары білікті мамандармен тәжірибе алмасудың арқасында біздің елімізде "краниосиностоз" диагнозы қойылған пациенттерге операциялар үнемі жүргізілетін болады деп есептейміз. "Балаларға өмір сыйла" жобасының басты мақсаты – Қазақстандағы балаларымызды шетелге шықпай-ақ кез келген диагнозбен тиімді емдеуге мүмкіндік беретін медицинаның даму деңгейіне қол жеткізу. Бұл мастер-класс мультидисциплинарлық емдеу тәсілімен ерекшеленеді, өйткені нейрохирургтардан басқа анестезиологтар мен медбикелер өз тәжірибелерімен бөліседі. Балалар анестезиологиясы кез келген хирургиялық көмектің ең маңызды бөлігі болып табылады, ал хирургтар айтқандай операциялық мейірбике операция бөлмесіндегі басты тұлға болып табылады!», - деді Аружан Саин.
Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта краниосиностоз диагнозы жиі байқалады. Бұл балалардың ата-аналары көп жағдайда Алматы қаласындағы №2 ҚБКА-ға жүгінеді, мұнда айына орта есеппен осы патологиямен 15-ке жуық ота жасалады. Осыған байланысты өңірлік дәрігерлерді оқыту және олардың мамандануын арттыру өзекті болып табылады.
"Осы мастер-класстың мақсаттарының бірі-еліміздің өңірлерінде балалар нейрохирургиясын дамыту, сондықтан біздің өңірлік әріптестеріміз бұл патологияны өз бетінше жасауы тиіс. Бізге республикамыздың барлық өңірлерінен және таяу шетелден бас штаттан тыс балалар нейрохирургтары, нейрохирургтар, анестезиолог-реаниматологтар, операциялық медбикелер, жалпы саны 40-тан астам адам келді", - деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында Марат Рабандияров.
Бұл іс – шараның форматы ерекше. Бұл дриллинг курсы мен "шынайы" хирургияны қамтитын Орта Азия аймағында өткізілген алғашқы және әзірге жалғыз мастер-класс. Бейнеконференция барысында барлық операциялар залда led-экранда көрсетілді.
РФ ДСМ "В. А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы" Университеттік клиникасының балаларға арналған нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Александр Ким атап өткендей: "Біздің ойымызша, қызықты формат таңдалған - дәріс дриллинг-курспен бірге болды, яғни краниосиностоздың әртүрлі формалары бар ота жасалынатын балалардың бас сүйектерінің бірнеше модельдері жасалды, ал бұл курстың қатысушылары белгілі бір хирургиялық манипуляциялар жасау мүмкіндігіне ие болды. Муляждар 3 Д-принтерде жасалды. Содан кейін бұл курс практикалық онлайн хирургиямен, яғни шынайв хирургиямен аяқталды. Мен мұндай форматты бұрын Ресейде кездестірмеппін".
«ДОМ» қоғамдық қорының бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.