Қазақ | Русский

Телефон: +7 (727) 267-66-46
Сегодня нужно собрать
11 004 185,00
Помочь

Успешные операции и мастер-класс в Алматы для пациентов с ДЦП: новый уровень медицинской поддержки

С 7 по 9 августа 2024 года в Алматы прошел международный мастер-класс на тему «Реконструктивные многоуровневые операции при приобретенных пороках верхних и нижних конечностей у детей с церебральным параличом». В рамках данного мероприятия, организованного фондом «ДОМ» на базе Детской городской клинической больницы №2, была оказана помощь пяти детям. Операции проводились под руководством заведующего отделением травматологии Ерлана Садырбалина, а также команды травматолога-ортопеда Улжан Солтанбековой. К казахстанским коллегам в мастер-классе присоединились для обмена опытом Георгий Чибиров, кандидат медицинских наук, представляет Лечебно-реабилитационный центр Московской области, и Орхан Гатамов, кандидат медицинских наук Национального медицинского исследовательского центра травматологии и ортопедии имени академика Г. А. Илизарова.

Команда врачей Казахстана и России провела успешные операции, а также предоставила подробные консультации для детей. За три дня специалисты прошли обучающие лекции у российских коллег, обменявшись опытом и переняв техники, которые будут успешно применены в последующей операционной практике.

«Мастер-класс показал, как важны современные подходы в лечении детей с церебральным параличом. Мы получили ценный опыт от ведущих специалистов, что позволит нам улучшить результаты проводимых операций, также мы используем полезный опыт при последующей реабилитации маленьких пациентов. Это большой и важный шаг в обеспечении качественной медицинской помощи детям, нуждающимся в особой поддержке специалистов», - рассказала травматолог-ортопед ДГКБ № 2 Улжан Солтанбекова.

WhatsApp Image 2024-08-23 at 15.53.19.jpeg

Одна из пациентов - маленькая Лиза, чья история тронула всех, кто помогал девочке на ее пути к выздоровлению. Мать Лизы, Альмира, сирота, воспитывает двоих детей одна. Жизненные обстоятельства сложились так, что женщине пришлось работать по ночам, чтобы прокормить семью. В результате стечения обстоятельств дети оказались в детском учреждении. Благодаря усилиям Куралай Джумабековой, координатора «Дома мамы» фонда «Ана үйі» в городе Кокшетау, оба малыша были успешны возвращены матери. Сейчас брат Лизы ходит в детский сад, а его сестра получила необходимое лечение на родине, в Казахстане благодаря поддержке фонда «Милосердие». Сейчас мама Лизы - Альмира стоит в очереди на получение квартиры, так как жилья у семьи нет, а один из детей при этом имеет инвалидность. Несмотря на все трудности женщина продолжает бороться за лучшее будущее для своей семьи.

«Эта операция была для нас настоящим чудом. Мы долго ждали этого дня, и, наконец, наша мечта сбылась. Я видела, с какой заботой и вниманием наши казахстанские врачи, вместе с российскими коллегами, работали над каждым случаем. Эта операция стала для Лизы новой надеждой на светлое будущее, вскоре она сможет делать уверенные шаги и полноценно жить. Мы очень благодарны фонду «Милосердие» и всем врачам - за их труд и сострадание», - сказала Куралай Джумабекова.

Между тем, российский хирург, кандидат медицинских наук Георгий Чибиров подчеркнул, что лечение детей с церебральным параличом прежде всего требует комплексного подхода. Операция — это лишь часть работы, важной составляющей ко всему комплексу является последующая реабилитация, отметил он.

Его коллега из России Орхан Гатамов, который много лет оперирует детей с ДЦП в известном Национальном медцентре травматологии и ортопедии имени Илизарова, также отметил важность междисциплинарного подхода, подчеркнув, что реабилитация после операции играет, пожалуй, решающую роль в успешном восстановлении.

«Для нас, как для хирургов, важно не просто провести операцию, но и обеспечить ребенку будущее, в котором он сможет жить полноценной жизнью. Реабилитация после операции — это не менее важный процесс, чем сама операция. Мы видим, как междисциплинарный подход, включающий усилия ортопедов, неврологов, реабилитологов и родителей, дает замечательные результаты. Это совместная работа всех специалистов и семьи, которая ведет к реальным изменениям в жизни ребенка», - сказал Гатамов в рамках мастер-класса.

Казахстанские хирурги в тесном сотрудничестве с зарубежными коллегами раз за разом продолжают совершенствовать свои навыки, обеспечивая высокое качество лечения и реабилитации для маленьких пациентов. Фонд «ДОМ» запланировал множество разнообразных мастер-классов, в ходе которых дети со сложными диагнозами, в том числе не поддающимися лечению в Казахстане, смогут получить медицинскую помощь и обрести надежду на выздоровление и качественную жизнь.

Церебральды сал ауруы бар балаларға жасалған сәтті оталар және шеберлік сабағы – медициналық қолдаудың жаңа деңгейі

2024 жылы 7-9 тамыз аралығында Алматы қаласында «Церебральды сал ауруы бар балалардағы жоғарғы және төменгі аяқ-қолдардың жүре пайда болған кемістіктерін түзетуге арналған көп деңгейлі реконструктивті операциялар» тақырыбында халықаралық шеберлік сабағы өтті. Аталған шара «ДОМ» қоры ұйымдастыруымен Алматыдағы № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында өтті. Шара аясында бес балаға көмек көрсетілді. Операциялар травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалиннің жетекшілігімен және травматолог-ортопед Улжан Солтанбекованың командасымен жүргізілді. Шеберлік сабағына қазақстандық әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында Мәскеу облысының Емдеу-оңалту орталығының өкілі, медицина ғылымдарының кандидаты Георгий Чибиров пен академик Г. А. Илизаров атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығының өкілі, медицина ғылымдарының кандидаты Орхан Гатамов қосылды.

Қазақстан мен Ресей дәрігерлерінің командасы сәтті операциялар жасап, балаларға жан-жақты кеңес берді. Үш күн ішінде мамандар ресейлік әріптестерінен оқыту дәрістерін тыңдап, тәжірибе алмасып, алдағы операциялық тәжірибеде сәтті қолданылатын әдістерді меңгерді.

«Мастер-класс балалардағы церебральды сал ауруын емдеуде заманауи тәсілдердің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Біз жетекші мамандардан құнды тәжірибе алдық, бұл бізге жасалатын операциялардың нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ кейінгі оңалту кезінде осы пайдалы тәжірибені қолданамыз. Мұқтаж балаларға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуде бұл үлкен әрі маңызды қадам», – деді № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының травматолог-ортопеді Улжан Солтанбекова.

Пациенттердің бірі – кішкентай Лиза, оның тарихы қызды сауықтыру жолында көмектескен жандардың барлығын толғандырды. Лизаның анасы Альмира, жетім болып өскен, қазір екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Өмірлік жағдайлар әйелді отбасының күнкөрісін қамтамасыз ету үшін түнде жұмыс істеуге мәжбүр етті. Жағдайлардың қиындығы салдарынан Лиза мен бауыры балалар үйіне түсіп қалған. Көкшетау қаласындағы «Ана үйі» қорының үйлестірушісі Құралай Жұмабекованың күш-жігерінің арқасында екі бала аналарына қайтарылды. Қазір Лизаның ағасы балабақшаға барады, ал Лиза қажетті емін Қазақстанда, өз отанында, «Милосердие» қорының қолдауымен алып отыр. Лизаның анасы Альмира пәтер алу үшін кезекте тұр, өйткені отбасының баспанасы жоқ, ал балалардың бірінде мүгедектік бар. Барлық қиындықтарға қарамастан, Альмира өз отбасының болашағы үшін күресуді жалғастыруда.

«Бұл операция біз үшін нағыз ғажайып болды. Осы күнді ұзақ күттік, ақыры арманымыз орындалды. Мен біздің қазақстандық дәрігерлеріміздің ресейлік әріптестерімен бірге әрбір жағдайға қаншалықты қамқорлықпен және ықыласпен қарағанын байқадым. Бұл операция Лизаға жаңа үміт берді, жақында ол сенімді қадамдар жасап, толыққанды өмір сүре алатын болады деп үміттенемін. Біз «Милосердие» қорына және барлық дәрігерлерге - олардың еңбегі мен жанашырлығы үшін өте ризамыз», - деді Құралай Жұмабекова.

Сонымен қатар, ресейлік хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Георгий Чибиров церебральды сал ауруымен ауыратын балаларды емдеу ең алдымен кешенді терапияны қажет ететінін атап өтті. Операция — жұмыстың тек бір бөлігі ғана, ал бүкіл кешеннің маңызды құрамдас бөлігі кейінгі оңалту болып табылады, деп атап өтті ол.

Г. Чибировтың ресейлік әріптесі, көп жылдар бойы Илизаров атындағы Ұлттық травматология және ортопедия медициналық орталығында церебральды сал ауруымен ауыратын балаларға операция жасап жүрген Орхан Гатамов та кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Ол операцияның сәтті қалпына келуде оңалтудың шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

«Біз үшін, хирург ретінде, операцияны ғана жасап қоймай, балаға толыққанды өмір сүре алатын болашақ қамтамасыз ету маңызды. Операциядан кейінгі оңалту – бұл операцияның өзі сияқты маңызды процесс. Мамандардың, оның ішінде ортопедтер, невропатологтар, оңалтушылар және ата-аналардың үйлесімді жұмысы арқылы кешенді терапияның керемет нәтижелер беріп жатқанын көріп отырмыз. Бұл – барлық мамандар мен отбасының бірлескен жұмысы, ол баланың өмірін нақты өзгерістерге алып келеді», – деді Гатамов мастер-класс барысында.

Қазақстандық хирургтер шетелдік әріптестерімен тығыз ынтымақтастықта өз дағдыларын үздіксіз жетілдіріп, кішкентай пациенттерге жоғары сапалы емдеу және оңалту қызметін қамтамасыз етуде. «ДОМ» қоры Қазақстанда емделмейтін күрделі диагнозы бар балаларға медициналық көмек көрсетіп, сауығуға және сапалы өмір сүруге үміт беретін көптеген түрлі мастер-класстар өткізуді жоспарлап отыр.